Қазақстанның Отбасы банкі жаңалықтары
Нашар көретіндерге арналған нұсқа
Қазақстандықтардың 200 мыңнан астамы enpf-otbasy.kz платформасы арқылы тұрғын үй жағдайын жақсарту мен емделу ақысын төлеуге зейнетақы жинақтарын пайдаланды

Қазақстандықтардың 200 мыңнан астамы enpf-otbasy.kz платформасы арқылы тұрғын үй жағдайын жақсарту мен емделу ақысын төлеуге зейнетақы жинақтарын пайдаланды

8 шілде 2021

Бірыңғай жинақтаушы зейнетақы қоры (бұдан әрі - БЖЗҚ) ««Отбасы банк» тұрғын үй құрылыс жинақ банкі» АҚ-да ашылған («Бәйтерек» холдингінің еншілес ұйымы) қазақстандықтардың арнайы шоттарына 2021 жылдың 8 шілде айындағы жағдай бойынша 1,5 трлн теңгеден астам қаражат аударды (176 млрд теңге 45 күннің ішінде пайдаланылмаған қаражат ретінде БЖЗҚ-на қайтарылды). 205 659 қазақстандық enpf-otbasy.kz платформасы арқылы тұрғын үй жағдайын жақсарту және емделу ақысын төлеу үшін жалпы сомасы 1,2 трлн теңгеге тең зейнетақы төлемдерін пайдаланды. Олардың үштен бірі - әйелдер (64 685) және үштен екісі - ер адамдар (140 974).

Біржолғы зейнетақы төлемдерін (бұдан әрі - БЗТ) қолдану бойынша бірінші орында Маңғыстау облысының тұрғындары тұр (33 682 адам), олар жалпы сомасы 312 млрд теңге пайдаланған. Екінші орында Нұр-Сұлтан қаласы (32 216 адам), елорда тұрғындары 197 млрд-қа жуық теңге қолданған. Алматы қаласы – үшінші орында (27 396 адам), алматылықтар жалпы сомасы 213 млрд-қа жуық теңгені тұрғын үй жағдайын жақсарту және емделу ақысын төлеуге жұмсаған.

БЗТ-ін enpf-otbasy.kz платформасы арқылы тұрғын үй жағдайын жақсарту және емдеу үшін Маңғыстау облысының 40 пен 59 жас аралығындағы ер азаматтары жиі пайдаланған. Әйелдер арасында Нұр-Сұлтан қаласының 40 пен 59 жас аралығындағы қыз-келіншектері көш бастап тұр.

БЗТ-ін «Отбасы банкінде» ипотекалық тұрғын үй заемын алу үшін бастапқы жарна ретінде қолданған 9 359 қазақстандық, қайталама нарықтан тұрғын үй таңдаған (167 млрд теңгеден астам). Қалған 1 729 адам, алғашқы нарықтан тұрғын үй алуды жөн көрген (36 млрд теңгеден астам). 100-ден астам адам зейнетақы төлемдерін құрылыс, жөндеу және қайта қаржыландыруға жұмсаған (2 млрд теңгеден астам).

07.07.2021 жылғы жағдай бойынша зейнетақы төлемдерін пайдалану мақсаттары:

  • 37 428 клиент «Отбасы Банкіндегі» заем бойынша қарызын төледі (ішінара немесе толық)
  • 27 646 клиент ипотекалық заем бойынша берешегін өтеді, оның ішінде ислам банкінің қаржыландыруын қоса алғанда (ішінара немесе толық)
  • 109 830 клиент ипотекаға жүгінбей, тұрғын үй сатып алды (толық өтеу)
  • 11 254 клиент тұрғын үй құрылыс жинақ жүйесі бойынша «Отбасы банкінен» ипотекалық тұрғын үй заемын  алды
  • 5 591 клиент ипотекалық заем алу үшін бастапқы жарна төледі (оның ішінде ислам банкінің қаржыландыруы шеңберінде)
  • 2 351 клиент сатып алу құқығымен жалға алу шарты бойынша берешегін өтеді
  • 302 клиент жеке тұрғын үй салу үшін (жер телімін сатып алуды қоса алғанда) пайдаланды
  • 11 257 клиент емделу ақысын төледі.

------------------------------------------------------------

Қазіргі уақытта клиенттерге қызмет көрсетуге қатысты барлық мәселелер бойынша келесі арналар жұмыс істейді:

1. Банктің байланыс орталығы. 300 қысқа нөмірі бойынша қызмет көрсетеді

2. Tele2 және Altel абоненттері үшін ақысыз нөмір 8 800 080 1880

3. Whatsapp арнасы. +7 705 925 13 01 телефоны арқылы қызмет көрсетеді

4. Видео-банкинг. www.hcsbk.kz банк сайтында бейне сұхбат бастауға болады

5. Telegram-бот Қуаныш https://web.telegram.org/#/im?p=@quanysh_bot

6. Сізге ыңғайлы болу үшін www.hcsbk.kz сайтындағы арнайы форма арқылы қоңырауға тапсырыс беруге болады.

7. https://hcsbk.kz/faq/ жиі қойылатын сұрақтарға жауаптар жазылған сайттың арнайы бөлімі. Осы жерден түсіндірмелі бейне роликтерді де көруге болады.

8. Банктің әлеуметтік желілері:

Инстаграмдағы ресми парақша: https://www.instagram.com/otbasy_bank_kz/

Facebook: https://www.facebook.com/Otbasybankkz

Youtube: https://www.youtube.com/channel/UCEehsItjnHv_XEVDvwKadtA

9. «Электрондық үкімет» сайтындағы Басқарма төрайымының ресми блогы: https://dialog.egov.kz/blogs/4784135/welcome

««Отбасы банк» тұрғын үй құрылыс жинақ банкi» АҚ — еліміздегі тұрғын үй құрылыс жинақ жүйесін жүзеге асыратын бірден-бір банк. Ұйым Еуропалық құрылыс жинақ кассалары федерациясына (ЕҚЖКФ) және Халықаралық тұрғын үйді қаржыландыру одағына кіреді. Банкінің жалғыз акционері – «Бәйтерек» Ұлттық басқарушы холдингі» АҚ. 

БАҚ үшін қосымша ақпарат:

+7 (727) 279 35 11 (ішкі 00523), [email protected]

Баспасөз хатшысы: Жанар Жолтаева +77017699086

Бұл туралы бөлісіңіз:
Сіз aлаяқтардан зардап шектіңіз бе?
Сізге алаяқтар телефон арқылы соқты, жалған сайтты не әлеуметтік желідегі аккаунты таптым
Сізден ақша алынған, Сіз кредит ресімдөдіңіз немесе алаяққа ақша аудардыңыз
Алаяқтардың әрекеттері *
Телефон арқылы байланысты
SMS немесе мессенджер арқылы хабрлама жазды
Жалған сайтты не әлеуметтік желідегі аккаунты таптым
Тіркелген файлдар
Файл көлемі 12 Мб-тан аспауы керек.Сіз 10 файлға дейін тіркей аласыз

ХОТИТЕ УЗНАВАТЬ О НАШИХ АКЦИЯХ ПЕРВЫМИ?!

Қоңырауға тапсырыс беру