Қазақстанның Отбасы банкі жаңалықтары
Нашар көретіндерге арналған нұсқа
Қазақстандықтар enpf-otbasy.kz платформасы арқылы тұрғын үй мен емделу ақысын төлеуге 1 триллион теңге зейнетақы жинақтарын пайдаланды

Қазақстандықтар enpf-otbasy.kz платформасы арқылы тұрғын үй мен емделу ақысын төлеуге 1 триллион теңге зейнетақы жинақтарын пайдаланды

26 мамыр 2021

Баспасөз мәлімдемесі

Бірыңғай жинақтаушы зейнетақы қоры (бұдан әрі - БЖЗҚ) ««Отбасы банк» тұрғын үй құрылыс жинақ банкі» АҚ-да («Бәйтерек» холдингінің еншілес ұйымы) ашылған қазақстандықтардың арнайы шоттарына 2021 жылдың 26 мамырындағы жағдай бойынша 1,3 трлн теңгеден астам қаражат аударды (140 млрд теңге 45 күннің ішінде пайдаланылмаған қаражат ретінде БЖЗҚ-на қайтарылды). 159 621 қазақстандық enpf-otbasy.kz платформасы арқылы тұрғын үй жағдайын жақсарту және емделу ақысын төлеу үшін жалпы сомасы 1 трлн теңгеге тең зейнетақы төлемдерін пайдаланды. Олардың үштен бірі - әйелдер (50 236) және үштен екісі - ер адамдар (109 385).

«Біржолғы зейнетақы төлемдерін (бұдан әрі - БЗТ) пайдалану тетігін әзірлеу кезінде банктің мақсаты – клиент үшін процесті мүмкіндігінше ыңғайлы әрі түсінікті ету болды, бастысы – онлайн форматта. Қысқа уақыт ішінде банк enpf-otbasy.kz интернет-ресурсын құрып, БЗТ пайдалану тетігін тез арада іске қосу үшін БЖЗҚ-мен интеграция жасады», - деді банктің Басқарма төрайымы, Ләззат Ибрагимова.

БЗТ қолдану бойынша бірінші орында Маңғыстау облысының тұрғындары тұр (28 450 адам), олар жалпы сомасы 279 млрд теңге пайдаланған. Екінші орында Нұр-Сұлтан қаласы (26 015 адам), елорда тұрғындары 162 млрд-тан астам теңге қолданған. Алматы қаласы – үшінші орында (21 832 адам), алматылықтар жалпы сомасы 173 млрд-тан астам теңгені тұрғын үй жағдайын жақсарту және емделу ақысын төлеуге жұмсаған.

26.05.2021 жылғы жағдай бойынша зейнетақы төлемдерін пайдалану мақсаттары:

  • 32 273 клиент «Отбасы Банкіндегі» заем бойынша қарызын төледі (ішінара немесе толық)
  • 25 637 клиент ипотекалық заем бойынша берешегін өтеді, оның ішінде ислам банкінің қаржыландыруын қоса алғанда (ішінара немесе толық)
  • 82 261 клиент ипотекаға жүгінбей, тұрғын үй сатып алды (толық өтеу)
  • 8 422 клиент тұрғын үй құрылыс жинақ жүйесі бойынша «Отбасы банкінен» ипотекалық тұрғын үй заемын алды
  • 3 953 клиент ипотекалық заем алу үшін бастапқы жарна төледі (оның ішінде ислам банкінің қаржыландыруы шеңберінде)
  • 2 018 клиент сатып алу құқығымен жалға алу шарты бойынша берешегін өтеді
  • 204 клиент жеке тұрғын үй салу үшін (жер телімін сатып алуды қоса алғанда) пайдаланды
  • 4 853 клиент емделу ақысын төледі.

Қазіргі уақытта клиенттерге қызмет көрсетуге қатысты барлық мәселелер бойынша келесі арналар жұмыс істейді:

1. Банктің байланыс орталығы. 300 қысқа нөмірі бойынша қызмет көрсетеді

2. Tele2 және Altel абоненттері үшін ақысыз нөмір 8 800 080 1880

3. Whatsapp арнасы. +7 705 925 13 01 телефоны арқылы қызмет көрсетеді

4. Видео-банкинг. www.hcsbk.kz банк сайтында бейне сұхбат бастауға болады

5. Telegram-бот Қуаныш https://web.telegram.org/#/im?p=@quanysh_bot

6. Сізге ыңғайлы болу үшін www.hcsbk.kz сайтындағы арнайы форма арқылы қоңырауға тапсырыс беруге болады.

7. https://hcsbk.kz/faq/ жиі қойылатын сұрақтарға жауаптар жазылған сайттың арнайы бөлімі. Осы жерден түсіндірмелі бейне роликтерді де көруге болады.

8. Банктің әлеуметтік желілері:

Инстаграмдағы ресми парақша: https://www.instagram.com/otbasy_bank_kz/

Facebook: https://www.facebook.com/Otbasybankkz

Youtube: https://www.youtube.com/channel/UCEehsItjnHv_XEVDvwKadtA

9. «Электрондық үкімет» сайтындағы Басқарма төрайымының ресми блогы: https://dialog.egov.kz/blogs/4784135/welcome


««Отбасы банк» тұрғын үй құрылыс жинақ банкi» АҚ — еліміздегі тұрғын үй құрылыс жинақ жүйесін жүзеге асыратын бірден-бір банк. Ұйым Еуропалық құрылыс жинақ кассалары федерациясына (ЕҚЖКФ) және Халықаралық тұрғын үйді қаржыландыру одағына кіреді. Банкінің жалғыз акционері – «Бәйтерек» Ұлттық басқарушы холдингі» АҚ.


Бұл туралы бөлісіңіз:
Сіз aлаяқтардан зардап шектіңіз бе?
Сізге алаяқтар телефон арқылы соқты, жалған сайтты не әлеуметтік желідегі аккаунты таптым
Сізден ақша алынған, Сіз кредит ресімдөдіңіз немесе алаяққа ақша аудардыңыз
Алаяқтардың әрекеттері *
Телефон арқылы байланысты
SMS немесе мессенджер арқылы хабрлама жазды
Жалған сайтты не әлеуметтік желідегі аккаунты таптым
Тіркелген файлдар
Файл көлемі 12 Мб-тан аспауы керек.Сіз 10 файлға дейін тіркей аласыз

ХОТИТЕ УЗНАВАТЬ О НАШИХ АКЦИЯХ ПЕРВЫМИ?!

Қоңырауға тапсырыс беру