Құрметті клиенттер! | 2020 жылдың 15 сәуірінен бастап сіздер аралық немесе алдын ала заемдардан тұрғын үй заемына қашықтықтан ауысып, несие бойынша пайыздық мөлшерлемені төмендете аласыздар.
Нашар көретіндерге арналған нұсқа

Құрметті клиенттер!

16 сәуір 2020
2020 жылдың 15 сәуірінен бастап сіздер аралық немесе алдын ала заемдардан тұрғын үй заемына қашықтықтан ауысып, несие бойынша пайыздық мөлшерлемені төмендете аласыздар. Бұл жаңалық әсіресе 2020 жылдың 15 наурызынан бастап елімізде Төтенше жағдай жарияланғаннан соң тұрғын үй заемына өтуге уақыты жеткен клиенттер үшін өте маңызды.

Өтінімдер өзге онлайн-операциялардағыдай тәулік бойы қабылданбайтынын ескерулеріңізді өтінеміз.

ЖССБ24 Интернет банкингіндегі өтінімдерді қабылдау кестесі келесідей:
- жұмыс күндері сағат 09:00-ден 18:00-ге дейін;
- сенбі күндері (егер ол мереке күндері болмаса) сағат 09:00-ден 16:00-ге дейін;
- жексенбі және мереке күндері өтінімдер қабылданбайды.

Банк әрбір өтінімді тексеріп шығуы үшін белгілі бір уақытты қажет ететіндіктен және де оны жұмыс сағаттары аяқталғаннан кейін жүргізетіндіктен, осындай шектеулер қойып, тұрғын үй заемына өту үшін өтінімдерді жоғарыдағы кестеге сай қабылдауда.
Осы шектеулерге түсіністікпен қарауларыңызды өтінеміз.

Онлайн өтінім беріп, тұрғын үй заемына өту үшін ЖССБ 24 Интернет-банкингінде тіркелген болу керексіздер. Біз өтінімді қалай беру керектігі бойынша бейненұсқаулық әзірледік. Оны өздеріңізге сақтап, уақытыңызды, ақшаңызды үнемдей отырып, тұрғын үй заемына қашықтықтан өте аласыздар.

Бұл туралы бөлісіңіз:
Сіз aлаяқтардан зардап шектіңіз бе?
Сізге алаяқтар телефон арқылы соқты, жалған сайтты не әлеуметтік желідегі аккаунты таптым
Сізден ақша алынған, Сіз кредит ресімдөдіңіз немесе алаяққа ақша аудардыңыз
Алаяқтардың әрекеттері *
Телефон арқылы байланысты
SMS немесе мессенджер арқылы хабрлама жазды
Жалған сайтты не әлеуметтік желідегі аккаунты таптым
Тіркелген файлдар
Файл көлемі 12 Мб-тан аспауы керек.Сіз 10 файлға дейін тіркей аласыз

ХОТИТЕ УЗНАВАТЬ О НАШИХ АКЦИЯХ ПЕРВЫМИ?!

Қоңырауға тапсырыс беру