Интернет-банк

baspana.kz

Консультанттар

Құрметті клиенттер!

20 Декабря 2019
2019 жылғы 30 желтоқсан мен 2020 жылғы 5 қаңтар аралығындағы жұмыс режимі жайлы ақпаратты назарларыңызға ұсынамыз (Жұмыс кестесі Нұр-Сұлтан қаласының уақыты бойынша көрсетілген).


Банк филиалдары:

2019 жылдың 31 желтоқсанында Банк филиалдары келесі операцияларды жүргізеді:

• сағат 13.00-ге дейін - посткредиттік операциялар мен займдарды беру жөніндегі операциялар жүргізіледі;

• сағат 16.00-ге дейін - құқықтар мен міндеттемелерді табыстау бойынша қосымша келісімдерді, тұрғын үй құрылыс жинақтары туралы келісімшартты жасау және оны бұзу, тұрғын үй құрылыс жинақтары туралы келісімшарттарды біріктіру және оны бөлу жөніндегі депозиттік операциялар жүргізіледі;

• сағат 17.00-ге дейін - Банк филиалдарының кассалары арқылы ақша қабылдау жөніндегі операциялар аяқталады;

• сағат 20:00-ге дейін - «ЖССБ24» интернет-банкингі мен банкоматтар арқылы займды өтеу және депозитті толықтыру үшін ақша қабылданады.


Банк терминалдары:

Займды өтеу және депозитті толықтыру үшін төлем терминалдары арқылы ақша қабылдау күні мен оның уақыты:
• 30 желтоқсан, сағат 17:00-ге дейін
• 31 желтоқсан, сағат 08:00-ден 20:00-ге дейін
• 5 қаңтар, сағат 08:00-ден бастап.
31 желтоқсан күні, сағат 20:00-ден бастап, 5 қаңтар күні, сағат 08.00-ге дейін терминалдар жұмыс істемейді.


2020 жылғы 1,2,3,4 қаңтар (сәрсенбі, бейсенбі, жұма, сенбі) – демалыс.
Бұл күндері ешқандай операциялар жүргізілмейді.

2020 жылдың 5 қаңтарынан бастап Банк филиалдары мен терминалдары штаттық режимде жұмыс істейді.

Салымшылардың жинақтау шоттарына 2019 жылдың қорытындысы бойынша мемлекет сыйлықақысының сомасы түскен сәтке дейін, тұрғын үй құрылыс жинақтары туралы келісімшарт талаптарын өзгертуге қатысты операциялар жүргізілмейді (құқықтар мен міндеттемелерді табыстау, біріктіру, бөлу/қаражатты жартылай шешіп алу, тарифтік бағдарламаны ауыстыру).

Осыған қатысты барлық сұрақтарыңыз бойынша 300 нөміріне хабарласуларыңызды сұраймыз.

ХОТИТЕ УЗНАВАТЬ О НАШИХ АКЦИЯХ ПЕРВЫМИ?!

Қоңырауға тапсырыс беру