Қазақстанның Отбасы банкі жаңалықтары
Нашар көретіндерге арналған нұсқа

Құрметті клиенттер!

19 декабря 2018
Сіздерге Астана қаласында BI Finance алғашқы ипотекалық орталығының ашылатындығы туралы хабарлаймыз. Аталған орталық BI Group құрылыс холдингінің бастамасымен құрылады. Тұрғын үй құрылыс жинақ банкі серіктес компаниялардың қатарында болады.

Жаңа орталықта клиенттер «бір терезе» принципі бойынша құжаттарды өткізу мүмкіндігіне иеленді. Олар, сондай-ақ, сол жерде тұрғын үйді таңдап, ыңғайлы ипотекалық бағдарламаны қарастырып, несие ресімдей алады.

Ипотека орталығы 2018 жылдың 20 желтоқсанынан бастап «Астана қаласы, Сығанақ к-сі, 18/3, Viva Plaza іскерлік орталығы» мекенжайы бойынша жұмыс істейтін болады.

Банк клиенттері үшін «Sunrise» және «Nova City» тұрғын үй кешендеріндегі пәтерлерді қосымша кепілсіз жылдық 7%-бен сатып алуларына болатындығы туралы еске саламыз.


Бұл туралы бөлісіңіз:

ХОТИТЕ УЗНАВАТЬ О НАШИХ АКЦИЯХ ПЕРВЫМИ?!

Қоңырауға тапсырыс беру