Шрифт көлемі:
Сайттың түсі:
Дауыстық көмекші

Құрметті клиенттер!

31 марта 2020
Алматы облысында эпидемиологиялық жағдайдың өршуіне байланысты, 2020 жылдың 1 сәуірінен бастап осы аймақтағы Тұрғын үй құрылыс жинақ банкінің бөлімшесі жаңа жұмыс кестесі бойынша қызмет көрсетеді.

Енді Алматы облыстық филиалы сағат 10:00-ден 16:00-ге дейін, түскі үзіліссіз жұмыс істейді. Сенбі және жексенбі - демалыс күндері.

Сондай-ақ, карантин кезінде банк бөлімшелерінде көрсетілетін операциялар шектеулі түрде жүреді, сіздер тек келесі қызметтерді пайдалана аласыздар:

1. Депозит – депозитті сату/жабу, ағымдағы шоттан ақша шешіп алу;

2. Несие – несие өтеу (бір бөлігін/толық), тұрғын үй заемына өту.

Тұрғын үй құрылыс жинақ банкінің бөлімшелері азаматтардың денсаулығын сақтау және олардың қауіпсіздігін қамтамасыз ету мақсатында, 2020 жылдың 19 наурызынан бастап карантин аяқталғанға дейін алдын ала онлайн-жазылу арқылы қызмет көрсететін болады. Банк филиалына баратын ыңғайлы күнді таңдап, менеджерге жазылу үшін https://hcsbk.kz/ru/contacts/ сілтемесі арқылы өтуіңіз қажет.

Өз кезегінде, біз сіздерге 24/7 режимінде қолжетімді Тұрғын үй құрылыс жинақ банкінің қашықтықтан көрсетілетін қызметтерін пайдалана алатындарыңызды еске саламыз.

Банк бөлімшелерінің жұмыс тәртібі өзгерген жағдайда, бұл туралы ақпаратты біз бірден хабарлайтын боламыз.

Құрметті клиенттер, банк бөлімшелеріне барған кезде бетперде тағып жүрулеріңізді өтінеміз.
Бұл туралы бөлісіңіз:

Дауыстық көмекші

сайтта дауыстық көмекшісі бар
мәтінді таңдап дыбыс деңгейі түймесін басу керек

ХОТИТЕ УЗНАВАТЬ О НАШИХ АКЦИЯХ ПЕРВЫМИ?!

Қоңырауға тапсырыс беру