Қазақстанның Отбасы банкі жаңалықтары
Нашар көретіндерге арналған нұсқа
Алматыда күн сайын Тұрғын үй құрылыс жинақ банкінің 40 салымшысы қоныс тойын атап өтуде

Алматыда күн сайын Тұрғын үй құрылыс жинақ банкінің 40 салымшысы қоныс тойын атап өтуде

17 қазан 2019
Жыл басынан бері 8 000-нан астам қала тұрғыны Тұрғын үй құрылыс жинақ банкінің ("Бәйтерек" холдингінің еншілес ұйымы) көмегімен өз баспаналарына қол жеткізді. Бұл -Алматы бойынша банктің рекордты көрсеткіші. Өткен жылдардағы көрсеткіштермен салыстырсақ, үш жыл бұрын Тұрғын үй құрылыс жинақ банкі жылына 3 000-ға жуық қала тұрғынын баспанамен қамтамасыз еткен.

Банктің қазіргі және жаңа бағдарламаларының арқасында қала тұрғындары үшін тұрғын үйдің қолжетімділігі жыл сайын артып келеді. Биыл Алматыда "Нұрлы жер" мемлекеттік бағдарламасы аясында 1 300 қала тұрғыны баспанамен қамтамасыз етіледі.
Сонымен қатар, 2019 жылдың көктемінде Тұрғын үй құрылыс жинақ банкі тарапынан пилоттық режимде "Бақытты отбасы" қалалық бағдарламасы іске қосылды. Оның көмегімен 284 алматылық отбасы несие алып, жаңа қоныс иесі атанды. Бұған қоса, тағы 313 көпбалалы және толық емес отбасылар мен мүмкіндігі шектеулі балаларды тәрбиелеп отырған отбасылар "Бақытты отбасы" республикалық бағдарламасы аясында тұрғын үйге қол жеткізбек. Қазіргі сәтте, олардың несиелік өтінімдері қарастырылып, несие беру процесі жүргізілуде.

Алайда, мемлекеттік бағдарламаларға азаматтардың тек белгілі бір санаты ғана қатыса алады және Тұрғын үй құрылыс жинақ банкінің барлық салымшылары оның талаптарына сәйкес келмейді. Сондықтан банк өзінің барлық клиенттерін қолжетімді баспанамен қамтамасыз ету мақсатында "Өз үйім" бағдарламасын жүзеге асыруда. Аталған бағдарлама салымшыларға нарықтағы үй құнынан төмен бағамен коммерциялық нарықта тұрғын үй сатып алуға мүмкіндік береді.



-Қазіргі таңда банк Алматы қаласында тиімді шарттармен баспанаға қол жеткізгізі келген банк клиенттері үшін 8 тұрғын үйді ұсынады. Солардың бірі Жандосов көшесінің бойында орналасқан тұрғын үй кешені. Бұл нысандағы пәтерлердің 1 ш.м.-ң бағасы 2019 жылғы қазандағы мәліметтер бойынша 365 000 теңгені құрайды. Ал, біз ондағы 95 пәтердің 1 шаршы метрінің бағасын 260 000 теңгеден ұсынудамыз. «Өз үйім» бағдарламасы бойынша пәтер сатып алу үшін, банк несиені жылдық 7% мөлшерлемемен береді, ол кейіннен 5%-ға дейін төмендейді. Пәтерлерді клиенттер өздігінен baspana.kz порталында брондай алады, - дейді Тұрғын үй құрылыс жинақ банкі Алматы қалалық филиалының директоры Гүлзат Симтикова.

Жандосов көшесінің бойындағы тұрғын үй кешені «Алматы» Әлеуметтік-кәсіпкерлік корпорациясы» АҚ-ң еншілес ұйымы – «Алматы қаласы әкімдігінің Күрделі құрылыс кәсіпорны» ЖШС желісі бойынша салынды. Тұрғын үй құрылыс жинақ банкі онымен ынтымақтастық туралы келісімге қол қойды.

-Үйдегі барлық пәтерлердің аумағы кең әрі таза әрлеу күйінде. Үй толықтай пайдалануға берілген. Қазіргі таңда іргелес жатқан учаскені абаттандырып, коммуникацияларды қосу жұмыстары жүргізілуде, - деді «Күрделі құрылыс кәсіпорны» ЖШС бас директоры Әділ Бөрлібаев.



Жандосов көшесінің бойындағы жаңа кешен ескі тұрғын үйлердің орнына тұрғызылды. Осы секілді құрылыстарды бұзумен айналысатын «Алматы қаласы әкімдігінің Күрделі құрылыс кәсіпорны» ЖШС-ң мәліметтері бойынша, қазіргі сәтте қалада жалпы аумағы 325,2 мың шаршы метрді құрайтын 948 ескі үйлер бар. Онда 8 910 отбасы өмір сүруде. Ескі үйлердің ең үлкен аумағы Түрксіб ауданында орналасқан. Онда жалпы алаңы 135,5 шаршы метрді құрайтын 461 үй бар. Алматы территориясында ескі тұрғын үйлерді бұзу бағдарламасы бойынша 2012 – 2015 жылдары жалпы ауданы 21,9 мың шаршы метрді құрайтын 56 үй бұзылды, 469 отбасы басқа үйге қоныс аударды, оның орнына жалпы аумағы 176 мың шаршы метрді құрайтын 58 жаңа үй салынды.

Анықтама үшін:
Алматы қаласында бірінші жартыжылдық ішінде аумағы 1 209, 9 мың метрді құрайтын тұрғын үй пайдалануға берілді, бұл өткен жылдың сәйкес кезеңімен салыстырғанда 2,2% - ға артық. Қазақстан Республикасы Ұлттық экономика министрлігі Статистика комитетінің деректері бойынша, әрбір мың адамға 647,1 шаршы метр тұрғын үй салынды.
Халықтың тұрғын үймен қамтамасыз етілуі Статистика комитетінің деректері бойынша 2018 жылы бір адамға шаққанда 27,5 шаршы метрді құрады.
Бұл туралы бөлісіңіз:
Сіз aлаяқтардан зардап шектіңіз бе?
Сізге алаяқтар телефон арқылы соқты, жалған сайтты не әлеуметтік желідегі аккаунты таптым
Сізден ақша алынған, Сіз кредит ресімдөдіңіз немесе алаяққа ақша аудардыңыз
Алаяқтардың әрекеттері *
Телефон арқылы байланысты
SMS немесе мессенджер арқылы хабрлама жазды
Жалған сайтты не әлеуметтік желідегі аккаунты таптым
Тіркелген файлдар
Файл көлемі 12 Мб-тан аспауы керек.Сіз 10 файлға дейін тіркей аласыз

ХОТИТЕ УЗНАВАТЬ О НАШИХ АКЦИЯХ ПЕРВЫМИ?!

Қоңырауға тапсырыс беру