Қазақстанның Отбасы банкі жаңалықтары
Нашар көретіндерге арналған нұсқа
2021 жылға арналған «Бақытты отбасы» бағдарламасы бойынша қатысушылардан өтінім қабылдау аяқталды

2021 жылға арналған «Бақытты отбасы» бағдарламасы бойынша қатысушылардан өтінім қабылдау аяқталды

27 мамыр 2021

Баспасөз мәлімдемесі

«Отбасы банк» АҚ («Бәйтерек» холдингінің еншілес ұйымы) «Бақытты отбасы» бағдарламасына қатысуға өтінім қабылдауын аяқтады.

Үміткерлерден өтінім қабылдау онлайн режимде Банктің www.hcsbk.kz сайтында 2021 жылдың 12 сәуірі мен 26 мамыры аралығында жалғасты. Барлығы 38 750 өтінім қабылданды.

«Бақытты отбасы» бағдарламасының нәтижелері банктің www.hcsbk.kz сайтында осыған дейін белгіленген 2021 жылдың 27 мамырынан кешірек, 2021 жылдың 14 маусымына дейін жарияланады. Уақыттың өзгеруі қатысушылардың санына қойылатын шектердің санаттар бойынша қайта бөлінуіне байланысты. Қайта бөлу кезінде Қазақстан Республикасы Сенаты жанындағы мүмкіндігі шектеулі жандардың өмір сүру сапасын жақсарту бойынша ұсыныстар әзірлеу жөніндегі жұмыс тобының ұсыныстары негізінде мүмкіндігі шектеулі балаларды тәрбиелеп отырған отбасыларға және көп балалы отбасыларға басымдық беріледі.

Қатысушының мәртебесін нәтижелер шығарылғаннан кейін, автоматты түрде тағайындалған және өтінім берілген күні СМС-хабарлама арқылы жіберілген өтінім нөмірі немесе банктің www.hcsbk.kz сайтындағы қатысушының ЖСН арқылы тексеруге болады.

««Отбасы банк» тұрғын үй құрылыс жинақ банкi» АҚ — еліміздегі тұрғын үй құрылыс жинақ жүйесін жүзеге асыратын бірден-бір банк. Ұйым Еуропалық құрылыс жинақ кассалары федерациясына (ЕҚЖКФ) және Халықаралық тұрғын үйді қаржыландыру одағына кіреді. Банкінің жалғыз акционері – «Бәйтерек» Ұлттық басқарушы холдингі» АҚ.


Бұл туралы бөлісіңіз:
Сіз aлаяқтардан зардап шектіңіз бе?
Сізге алаяқтар телефон арқылы соқты, жалған сайтты не әлеуметтік желідегі аккаунты таптым
Сізден ақша алынған, Сіз кредит ресімдөдіңіз немесе алаяққа ақша аудардыңыз
Алаяқтардың әрекеттері *
Телефон арқылы байланысты
SMS немесе мессенджер арқылы хабрлама жазды
Жалған сайтты не әлеуметтік желідегі аккаунты таптым
Тіркелген файлдар
Файл көлемі 12 Мб-тан аспауы керек.Сіз 10 файлға дейін тіркей аласыз

ХОТИТЕ УЗНАВАТЬ О НАШИХ АКЦИЯХ ПЕРВЫМИ?!

Қоңырауға тапсырыс беру