Қазақстанның Отбасы банкі жаңалықтары
Нашар көретіндерге арналған нұсқа
«Әскери Баспана» бағдарламасына қатысу туралы өтінімдерді «Отбасы Банк» онлайн форматта қабылдай бастады

«Әскери Баспана» бағдарламасына қатысу туралы өтінімдерді «Отбасы Банк» онлайн форматта қабылдай бастады

17 мамыр 2021

Баспасөз мәлімдемесі

««Отбасы банк» тұрғын үй құрылыс жинақ банкі» АҚ-да («Бәйтерек» холдингінің еншілес ұйымы) «Әскери қызметкерлер мен арнаулы мемлекеттік органдар қызметкерлерін тұрғын үймен қамтамасыз ету» бағдарламасы бойынша несие беруді бастады (бұдан әрі - «Әскери Баспана» бағдарламасы). Бағдарламаға тұрғын үй төлемдерін алып тұратын, Отбасы банкінде арнайы ағымдағы шоты бар және бұған дейін тұрғын үй төлемдерін жылжымайтын мүлік сатып алу үшін пайдаланбаған кез келген азамат қатыса алады.

Бағдарлама бойынша несие алу шарттары өзгеріссіз қалды:

· мақсаты – алғашқы/екінші нарықтан тұрғын үй сатып алу және жөндеу, оның ішінде үлестік қатысу шарты бойынша;
· алғашқы жарна - 15% -дан бастап;
· несие бойынша пайыздық мөлшерлемесі - 8% (ЖТСМ 8,3%-дан бастап);
· несие мерзімі - 25 жылға дейін.

Баспана таңдауда ешқандай шектеу жоқ. Несиені жаңа немесе қолданыстағы тұрғын үйді сатып алу үшін пайдалануға болады. Сондай-ақ, меншіктегі тұрғын үйдің болуына қатысты да шектеулер қойылмаған. Несиенің рұқсат етілген ең жоғарғы сомасын клиенттің таңдауы бойынша екі нұсқада есептеуге болады: ай сайынғы тұрғын үйдің төлемдері мен 15%-дан кем түспейтін депозитіндегі жинақ сомасына сүйене отырып немесе клиенттің нақты кірісі мен шығындарына негізделе.

«Әскери Баспана» бағдарламасы бойынша несие алу үшін, үш қадамды орындау қажет:

  1. Интернет-банкингте қатысуға өтініш беру (веб-нұсқасы https://online.hcsbk.kz );
  2. Тұрғын үй табу;
  3. Интернет-банкингте өтінім қабылданғаннан кейінгі 60 күннің ішінде Банк бөлімшесіне барып, несие алуға өтініш беру (Интернет-банкингте үміткердің мәртебесі мен Банкпен байланыс мерзімі көрсетіледі).

Жолданған өтінімдерді (Интернет-банкингте) банк ведомство мен аймақтарға бөлмей, белгіленген лимит шеңберінде ай сайын қабылдап отырады. Егер тұрғын үй төлемдерін алушы осы айда қатысуға өтінім беріп үлгермесе, оны келесі айда жолдай алады. Интернет-банкингке жіберілген өтінім оның мерзімі аяқталғанша, яғни 60 күн бойы жойылмайды. Осы уақыт аралығында тұрғын үй төлемдерін алушы баспана тауып, несие алуға өтініш беріп үлгермесе, құжат күшін жояды. Бұл жағдайда тұрғын үй төлемдерін алушы оны Банкке қайта жолдай алады.

«2020 жылы тұрғын үй төлемдерін алып, оны «Отбасы банкінде» үй аламыз деп жинап жүрген 2 362 қазақстандық әскери қызметкерлер мен арнаулы мемлекеттік органдар қызметкерлері «Әскери Баспана» бағдарламасы бойынша жеңілдетілген шарттармен жалпы сомасы 51,8 млрд теңгеге несие рәсімдеді. Олардың ішінде 1900-ге жуығы 15%-дық алғашқы жарнамен, жылдық 8%-бен тұрғын үй займын алды», -дейді «Отбасы банк» АҚ Басқарма төрайымы, Ләззат Ибрагимова.

«Әскери баспана» бағдарламасына қатысуға өтінім беру тәртібі:

1. https://online.hcsbk.kz интернет-банкингінде жеке кабинетіңізге кіріңіз. Сол жақ панельдегі АРНАЙЫ ШОТ қосымша бетін ашыңыз;
2. Экранда шыққан «ӘСКЕРИ БАСПАНА» БАҒДАРЛАМАСЫНА ҚАТЫСУҒА ӨТІНІМ БЕРУ пернесін басыңыз;
3. Қалқымалы терезеде пайда болған сілтеме бойынша өтіп, «Әскери Баспана» бағдарламасының шарттарымен танысып, бастапқы бетке қайта оралып, ӘРІ ҚАРАЙ пернесін басыңыз;
4. Өз өңіріңізді әрі сізге ыңғайлы «Отбасы Банкінің» бөлімшесін таңдап, ӘРІ ҚАРАЙ батырмасын басыңыз;
5.Бағдарлама шарттарымен танысқаныңызды растайтын электрондық өтінішке қол қойыңыз. Ол үшін пайда болған терезеде белгі қойып, ӘРІ ҚАРАЙ батырмасын басыңыз;
6. Мобильді нөміріңізге арнайы коды бар SMS жолданады. Оны ұяшыққа енгізіп, ӘРІ ҚАРАЙ батырмасын басып келесі қадамға өтіңіз;
7. Пайда болған терезеде электрондық өтініммен танысып, ӘРІ ҚАРАЙ батырмасының көмегімен өтінім беруді аяқтаңыз.

Егер бәрі сәтті жүзеге асса, мониторға несие алуға өтініш беру үшін банк бөлімшесіне жүгіне алатын мерзім (60 күнтізбелік күн) көрсетіліп, құттықтауы бар хабарлама аласыз. Сондай-ақ интернет-банкингтегі жеке кабинетіңіздің басты бетінде "Әскери Баспана" бағдарламасы бойынша несие алуға үміткер болып табылатыныңыз және Банк бөлімшесіне жүгіну қажет уақыт аралығы туралы ақпарат көрсетіледі.

Банк бөлімшесіне бармастан бұрын банкт банктің www.hcsbk.kz сайты арқылы кезекке онлайн жазылу қажет.

««Отбасы банк» тұрғын үй құрылыс жинақ банкi» АҚ — еліміздегі тұрғын үй құрылыс жинақ жүйесін жүзеге асыратын бірден-бір банк. Ұйым Еуропалық құрылыс жинақ кассалары федерациясына (ЕҚЖКФ) және Халықаралық тұрғын үйді қаржыландыру одағына кіреді. Банкінің жалғыз акционері – «Бәйтерек» Ұлттық басқарушы холдингі» АҚ.

Бұл туралы бөлісіңіз:
Сіз aлаяқтардан зардап шектіңіз бе?
Сізге алаяқтар телефон арқылы соқты, жалған сайтты не әлеуметтік желідегі аккаунты таптым
Сізден ақша алынған, Сіз кредит ресімдөдіңіз немесе алаяққа ақша аудардыңыз
Алаяқтардың әрекеттері *
Телефон арқылы байланысты
SMS немесе мессенджер арқылы хабрлама жазды
Жалған сайтты не әлеуметтік желідегі аккаунты таптым
Тіркелген файлдар
Файл көлемі 12 Мб-тан аспауы керек.Сіз 10 файлға дейін тіркей аласыз

ХОТИТЕ УЗНАВАТЬ О НАШИХ АКЦИЯХ ПЕРВЫМИ?!

Қоңырауға тапсырыс беру