Шрифт көлемі:
Сайттың түсі:
Дауыстық көмекші

Құрметті салымшылар!

9 октября 2019
Соңғы кезде белгісіз адамдар өздерін Тұрғын үй құрылыс жинақ банкінің қызметкерлері ретінде таныстырып, салымшылардың депозиттегі қаражатын алаяқтық жолмен иелену мақсатында, олардың келісімшарт нөмірін, шоттың балама кодын немесе SMS-пен келген кодты білуге тырысуда.

Біз мұның құпия ақпарат екендігін және де оны бөтен біреулерге бермеуіңізді ескертеміз. Тұрғын үй құрылыс жинақ банкінің қызметкерлері клиенттермен сөйлесу барысында олардың шоттарына қатысты жеке мәліметтерді сұрамайды. Өйткені, клиенттерге қызмет көрсетуге арналған барлық қажетті ақпарат банк қызметкерлерінде бар.

Сондықтан, сізге осындай мәселелер бойынша хабарласқан кез-келген адамға сақтық танытқаныңыз жөн. Тұрғын үй құрылыс жинақ банкіндегі салымыңызға қатысты мәліметтерді ешкімге бермеңіз және қандай да бір операцияны орындауға келіспеңіз.

Ал, сіздің салымыңызға қатысты деректерді білуге тырысқан тұлғалар туралы ақпаратты Тұрғын үй құрылыс жинақ банкінің сыбайлас жемқорлық және алаяқтық мәселелер жөніндегі жедел желісіне +7 (727) 220-97-91 нөмірі бойынша қоңырау шалып, хабарлауыңызды өтінеміз. Немесе ол мәліметтерді жедел желінің [email protected] электрондық мекен-жайына жолдай аласыздар.

Толығырақ ақпарат мына сілтеме бойынша: https://hcsbk.kz/most-important/guide-to-information-security/
Бұл туралы бөлісіңіз:

Дауыстық көмекші

сайтта дауыстық көмекшісі бар
мәтінді таңдап дыбыс деңгейі түймесін басу керек

ХОТИТЕ УЗНАВАТЬ О НАШИХ АКЦИЯХ ПЕРВЫМИ?!

Қоңырауға тапсырыс беру