Құрметті клиенттер!
Нұрлы жер бағдарламасының "Бақытты Отбасы" және "Шаңырақ" бағыттары бойынша үкімет қаулысымен енгізілген маңызды өзгерістерді хабарлаймыз: 1. Енді "Бақытты Отбасы" бағыты бойынша отбасының әрбір мүшесінің соңғы алты айдағы табысы айына 3,1 ең төменгі күнкөріс деңгейінен аспауы тиіс. Бұрынғы талап бойынша, 2 ең төменгі күнкөріс деңгейінен аспауы шарт болатын. 2. Ал "Шаңырақ" және "ЖАО-ның әлеуметтік несиелік тұрғын үй беру" бағыттары бойынша, отбасының әрбір мүшесінің соңғы алты айдағы табысы айына 3,7 ең төменгі күнкөріс деңгейінен аспауы тиіс. Бұрын 3,1 ең төменгі күнкөріс деңгейінен аспауы шарт болатын. 3. Сондай-ақ, "ЖАО-ның әлеуметтік несиелік тұрғын үй беру" және "Шаңырақ" бағыттары бойынша әкімдіктер соққан тұрғын үйлерді несиеге жүгінбей, жеке қаражатына (оның ішінде Отбасы банктегі депозиті) сатып алғысы келетін, алайда табысы белгіленген лимитке сәйкес келмейтін тұрығндарға бағдарламаға қатысу мүмкіндігі енгізілді. 4. "Шаңырақ" бағыты бойынша уәкілетті ұйым салып бітірген проблемалы тұрғын үй объектілерінен де (Нұр-Сұлтан қ. ЕКК және Алматы қ. ПКС) тұрғын үй (үлес) сатып алуға жол беріледі. Естеріңізге сала кетейік, 2021 жылдың 1 қаңтарынан бастап ең төменгі күнкөріс деңгейі 34 302 теңгені құрайды. Бұл "Бақытты Отбасы" бойынша бір адамға шаққандағы ең жоғары табыс 106 336,2 теңгеден аспауы тиіс дегенді білдіреді. "Шаңырақ" бағыты бойынша – 126 917,4 теңгеден аспайды. Бұл жайттарды "Бақытты Отбасы" және "Шаңырақ" бағыттары бойынша несие алуға өтінім бергенде ескеруіңізді сұраймыз.
ХОТИТЕ УЗНАВАТЬ О НАШИХ АКЦИЯХ ПЕРВЫМИ?!