Шрифт көлемі:
Сайттың түсі:
Дауыстық көмекші

Құрметті клиенттер!

24 июня 2022

20.06.2022 жылы "Бақытты Отбасы" бағдарламасы сәтті басталды. 23.06.2022 ж. платформада otbasybank.kz 12 мыңнан астам өтінім берілді.

Естеріңізге сала кетейік, бағдарлама шарттары өзгеріссіз қалады:

1. Бағдарламаға қатысушы Банктің клиенті болуы қажет ("Отбасы банк"АҚ ағымдағы шоты немесе депозиті болуы тиіс). Бұл ретте, жаңа шот ашу кезінде қаражат салу міндетті емес.

2. Бағдарламаға тұрғын үйге кезекте тұрғандар санаттарда қатыса алады:
- көпбалалы отбасы;
- мүмкіндігі шектеулі бала тәрбиелеп отырған отбасы;
- толық емес отбасы (неке бұзылған сәттен бастап кемінде 3 жыл өтуі керек).

3. Кандидаттарды іріктеу ЖАО-да есепке қою күні бойынша жүргізіледі.

4. Отбасының әрбір мүшесіне соңғы алты айда табыс ең төменгі күнкөріс деңгейінің 3,1 еселенген шамасынан аспауы тиіс (2022 жылы ЕТКД 37 389 теңгеге тең, тиісінше отбасының әрбір мүшесіне табыс 115 905 теңгеден аспауы тиіс).

5. Жылжымайтын мүлік бағдарламаға қатысушы тұрғын үй кезегінде тұрған өңірде сатып алынуы тиіс.

6. Қарыздың ең көп сомасы Нұр-Сұлтан, Алматы қалаларында және олардың қала маңы аймақтарында, Шымкент, Ақтау, Атырау қалаларында 15 млн теңгеге дейін, ал қалған өңірлерде 10 млн теңгеге дейін құрайды.

7. "Бақытты отбасы" бағдарламасына қатысушылардың 2021 жылы берген, қарыз берілмеген өтініштері өз қолданысын тоқтатады, осыған байланысты бағдарламаға қатысушылардың да 2022 жылы бағдарламаға қатысуға мүмкіндігі бар.

Өтініш берушілерге қойылатын талаптармен Банктің Интернет-ресурсында толығырақ танысуға болады www.hcsbk.kz, қатысу туралы өтініштер платформада қабылданады otbasybank.kz жеке кабинет арқылы.

Бұл туралы бөлісіңіз:

Дауыстық көмекші

сайтта дауыстық көмекшісі бар
мәтінді таңдап дыбыс деңгейі түймесін басу керек

ХОТИТЕ УЗНАВАТЬ О НАШИХ АКЦИЯХ ПЕРВЫМИ?!

Қоңырауға тапсырыс беру