Қазақстанның Отбасы банкі жаңалықтары
Нашар көретіндерге арналған нұсқа

Құрметті клиенттер!

4 қыркүйек 2020

Құрметті клиенттер!

Біз қашықтан қолдануға болатын қызметтеріміздің мүмкіндігін үнемі кеңейтіп отыруға тырысамыз, әсіресе ЖССБ24 интернет банкингіне көп көңіл бөлеміз. Бұдан былай сіз интернет банкингті пайдалана отырып, кредитіңіз бойынша төлем жүргізу кестесін жеке құжат ретінде жүктеп ала аласыз.
Бұл құжат әдетте салықтық жеңілдік алу үшін пайдаланылады. Аталмыш жеңілдікті Тұрғынүйқұрылысжинақбанкіне несие өтеп жүрген кез келген клиент алуға құқылы. Естеріңізге сала кетейік, Салықтық кодекстің 349 бабына сәйкес, кредит бойынша пайыздарды өтеу сомасына тең Сіздің жалақыңыздың сомасына жеке табыс салығы (ЖТС) салынбайды. Ол үшін сізге банк займы туралы келісімшартты, төлем жүргізу кестесі мен шот бойынша үзінді көшірмені қосып, жұмыс берушіге өтініш тапсыру керек.
Кестені шығарып алу үшін «Анықтамаға тапсырыс беру» бөліміне кіріп, ашылған терезеде «Анықтаманы таңдау» батырмасын басып, «Кредит бойынша төлем жүргізу кестесі» тармағын таңдау керек. Ал шот бойынша үзінді көшірмені шығарып алу үшін жеке кабинеттегі ағымдағы шотты таңдап, «Мерзімін көрсету» батырмасын басып, аралықты көрсетіп, «Орындау» пернесін басу керек. Аталмыш құжаттарды онлайн көруге немесе pdf форматында жүктеп алуға мүмкіндік бар.

Бұл туралы бөлісіңіз:
Сіз aлаяқтардан зардап шектіңіз бе?
Сізге алаяқтар телефон арқылы соқты, жалған сайтты не әлеуметтік желідегі аккаунты таптым
Сізден ақша алынған, Сіз кредит ресімдөдіңіз немесе алаяққа ақша аудардыңыз
Алаяқтардың әрекеттері *
Телефон арқылы байланысты
SMS немесе мессенджер арқылы хабрлама жазды
Жалған сайтты не әлеуметтік желідегі аккаунты таптым
Тіркелген файлдар
Файл көлемі 12 Мб-тан аспауы керек.Сіз 10 файлға дейін тіркей аласыз

ХОТИТЕ УЗНАВАТЬ О НАШИХ АКЦИЯХ ПЕРВЫМИ?!

Қоңырауға тапсырыс беру