«Отбасы банк» тұрғын үй құрылыс жинақ банкі» акционерлік қоғамы (бұдан әрі – Банк) ағымдағы жылдың 1 сәуірінен бастап зейнетақы жинақтарының жеткіліктілік шегі ұлғайтылатынын еске салады.
Ағымдағы жылдың 31 наурызына дейін БЖЗҚ-ға келіп түскен барлық өтініштер қолданыстағы зейнетақы жинақтары бойынша жеткіліктілік шегінің шеңберінде қаралатын болады.
Сонымен қатар, 2021 жылғы 21 қаңтардағы №24 Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес біржолғы зейнетақы төлемдерін тұрғын үй жағдайларын жақсартуға пайдалану қағидалары мен 2021 жылғы 17 ақпандағы № 18 Емделу үшін біржолғы зейнетақы төлемдерін пайдалану қағидаларына сәйкес, Банк уәкілетті оператор ретінде өтініш берушінің өтініші қаралғаннан кейін 2 (екі) жұмыс күні ішінде тіркелген өтініштер туралы мәліметтерді «Бірыңғай жинақтаушы зейнетақы қоры» АҚ-ға (бұдан әрі – БЖЗҚ) жолдайды.
Уәкілетті операторға өтініштерді қарау үшін бөлінген мерзімді назарға ала отырып, Банкке өтініш беру күнін алдын ала 2022 жылғы 29 наурыздан кешіктірілмейтін мерзімге жоспарлауды сұраймыз.
ХОТИТЕ УЗНАВАТЬ О НАШИХ АКЦИЯХ ПЕРВЫМИ?!