Шрифт көлемі:
Сайттың түсі:
Дауыстық көмекші

Құрметті клиенттер!

1 июня 2022

2022 жылдың 20 маусымынан бастап 19 шілдесіне (қоса алғанда) дейінгі аралықта «Бақытты отбасы» бағдарламасына қатысуға өтініштер otbasybank.kz платформасында қабылданатынын хабарлаймыз. Естеріңізге сала кетейік, бұл бағдарламаға келесі санаттар бойынша әкімдік кезегінде тұрған азаматтар қатыса алады:
- көп балалы отбасы;
- мүмкіндігі шектеулі бала тәрбиелеп отырған отбасы;
- толық емес отбасы (неке бұзылған сәттен бастап кемінде 3 жыл өтуі тиіс).

«Бақытты отбасы» бағдарламасының шарттарына сәйкес, несие мөлшерлемесі – жылдық 2%, алғашқы жарна – несие көлемінің 10%, несие мерзімі – 20 жылға дейін. «Бақытты отбасы» бағдарламасының көмегімен жергілікті әкімдіктер арқылы салынған несиелік тұрғын үйді немесе үміткердің таңдауы бойынша (алғашқы, екінші нарықтан) кез келген басқа тұрғын үй сатып алуға болады. Несиенің ең жоғары сомасы Нұр-Сұлтан, Алматы қалаларында және қала жанындағы аудандарда, Шымкент, Ақтау, Атырауда 15 миллион теңгеге дейін және басқа өңірлерде 10 миллион теңгеге дейін. Жылжымайтын мүлік қарыз алушы тұрғын үй кезегінде тұрған аймақтан сатып алынуы тиіс.

Бұл туралы бөлісіңіз:

Дауыстық көмекші

сайтта дауыстық көмекшісі бар
мәтінді таңдап дыбыс деңгейі түймесін басу керек

ХОТИТЕ УЗНАВАТЬ О НАШИХ АКЦИЯХ ПЕРВЫМИ?!

Қоңырауға тапсырыс беру