Шрифт көлемі:
Сайттың түсі:
Дауыстық көмекші

Құрметті Клиенттер!

1 апреля 2022

Қазіргі уақытта «Кезекте тұрған азаматтардың тізімі көрсетілген бірыңғай республикалық дерекқор» сервистік бағдарламалық өнімі өшірулі тұрғанын хабарлаймыз.

Енді жергілікті әкімдіктер Kezekte.kz цифрлық платформасы арқылы қазақстандықтарды баспана кезегіне қояды. Осыған байланысты «Нұрлы жер» мемлекеттік бағдарламасының кедергісіз жүзеге асырылуы үшін Отбасы банк жаңа платформаға біріктірілуде. Барлық қажетті техникалық жұмыстар 2022 жылдың 14 сәуіріне дейін аяқталады деп жоспарлануда.

Сондықтан, қазіргі уақытта мемлекеттік бағдарлама бойынша нысандарға жаңа өтінімдерді қабылдау және несиеге өтінім беру мүмкін емес.

Пулдарға қатысуға немесе тікелей сату арқылы тұрғын үй сатып алуға жолданып жатқан өтінімдерді қабылдау ұзартылады.

Сондай-ақ пулдар бойынша біліктілік кезеңдері (баспана таңдау мерзімі мен үлестіру күнін қоса алғанда) және тікелей сатуға арналған біліктілік кезеңдері де ұзартылады.

Мерзімдерді ұзарту туралы хабарландыруларды біздің сайттан бақылап отырыңыздар.

Келтірілген қолайсыздық үшін кешірім сұраймыз!

Бұл туралы бөлісіңіз:

Дауыстық көмекші

сайтта дауыстық көмекшісі бар
мәтінді таңдап дыбыс деңгейі түймесін басу керек

ХОТИТЕ УЗНАВАТЬ О НАШИХ АКЦИЯХ ПЕРВЫМИ?!

Қоңырауға тапсырыс беру