Шрифт көлемі:
Сайттың түсі:
Дауыстық көмекші

Құрметті клиенттер!

31 октября 2024

Әділет министрлігінің ҚР Цифрлық даму, инновациялар және аэроғарыш өнеркәсібі министрлігімен және «Ұлттық ақпараттық технологиялар» АҚ-мен бірлесіп «eGov Business» мобильді қолданбасында «Заңды тұлғаның цифрлық сенімхаты» сервисін іске қосқаны туралы хабарлаймыз.

Бұл сервис ұйым басшыларының өз қызметкерлеріне сенімхат беру процесін едәуір жеңілдетеді және жеделдетеді.

Бұған дейін заңды тұлғалардың басшылары сенімхаттарды тек қағаз түрінде ресімдеген, бұл көлік шығындары мен кеңсе тауарларына белгілі бір уақыт пен қаржылық шығындарды талап еткен, сондай-ақ мұндай сенімхаттардың заңдылығын тексеру мүмкіндігі болмаған.

Енді заңды тұлғалардың басшылары электрондық цифрлық қолтаңбамен қол қою арқылы өз қызметкерлеріне онлайн форматта сенімхат бере алады, бұл ұйым ішіндегі өзара іс-қимылды одан да тиімді, ашық және ыңғайлы етеді.

Заңды тұлғалардың басшысы онлайн сенімхат беру үшін:

- «eGov Business» мобильді қолданбасына кіруі;

- басты бетте «Сенімхаттар» қосымша бетіне кіріп, «Сенімхат құрастыру» түймесін басуы;

- қажетті өрістерді толтырып, «Сенімхат құрастыру» түймесін басып, содан кейін «Қол қою» түймесін басуы қажет.

Қол қойылғаннан кейін сенім білдірілген жеке тұлғаға «eGov Mobile» қолданбасындағы Жеке кабинетіне хабарлама келіп түседі. Бұдан әрі қолданыстағы сенімхат туралы ақпарат «Цифрлық құжаттар» бөлімінде сақталады. Өз кезегінде, заңды тұлғаның бірінші басшысының «eGov Business» қолданбасының «Сенімхаттар» қосымша бетінде бұрын берілген барлық сенімхаттармен танысатын мүмкіндігі бар.

Бұл туралы бөлісіңіз:

Дауыстық көмекші

сайтта дауыстық көмекшісі бар
мәтінді таңдап дыбыс деңгейі түймесін басу керек

ХОТИТЕ УЗНАВАТЬ О НАШИХ АКЦИЯХ ПЕРВЫМИ?!

Қоңырауға тапсырыс беру