Құрметті Клиенттер! | Банк кеңесшілері мен менеджерлері қызметтері үшін ақы алмайды.
Нашар көретіндерге арналған нұсқа

Құрметті Клиенттер!

1 желтоқсан 2022
Құрметті Клиенттер!

Бұқаралық ақпарат құралдарында астана тұрғыны Зухра Шакирова атты азаматша өзін Отбасы банкінің қызметкері ретінде таныстырып, белгілі бір сомаға несие тарихын түзетуге және банктен несие алуып беруге уәде бергені туралы ақпарат тарады.
«Отбасы Банк» АҚ Зухра Шакированың ешқашан банк қызметкері немесе кеңесшісі болмағанын ресми түрде мәлімдейді. Барлық консультанттардың тізімі https://hcsbk.kz/ru/network-agents/ ресми сайтында жарияланған. Онда сіз өз аймағыңызды таңдап, кеңесшіге хабарласып, өнімдер мен қызметтер туралы тегін ақпарат ала аласыз. Депозит ашып, төлем қабілеттілігіңізді тексеріп, несиеге алдын ала мақұлдау аласыз.

Банк кеңесшілері мен менеджерлері қызметтері үшін ақы алмайды.

Сондай-ақ кеңес алу үшін Банктің байланыс орталығына төменде көрсетілген нөмірлермен хабарласуға болады:
- 300, 8 800 080 18 80 телефондары арқылы немесе hcsbk.kz сайтында кері қоңырау шалу туралы өтініш қалдырыңыз. Байланыс орталығының жұмыс уақыты: дүйсенбі-жұма 9.00-ден 20.00-ге дейін, сенбі 9.00-ден 18.00-ге дейін.
- банктің WhatsApp +7 705 925 1301 телефон нөміріне, Telegram-да Otbasy Bank арнасына жазуыңызға болады. Жұмыс уақыты: дүйсенбі-жұма 9:00-ден 20:00-ге дейін, сенбі 9:00-ден 15:00-ге дейін үзіліссіз.
Банк және оның қызметкерлері клиенттің несие тарихына әсер ете алмайды. Төлем қабілеттілігін тексеру процесі автоматтандырылған, яғни онда адами фактор жоқ. Жүйе мемлекеттік деректер базасынан азаматтардың мәліметтерін сұрайды және оның нәтижесіне әсер ету мүмкін емес.

Клиенттерден сақ болуды сұраймыз!
Бұл туралы бөлісіңіз:
Сіз aлаяқтардан зардап шектіңіз бе?
Сізге алаяқтар телефон арқылы соқты, жалған сайтты не әлеуметтік желідегі аккаунты таптым
Сізден ақша алынған, Сіз кредит ресімдөдіңіз немесе алаяққа ақша аудардыңыз
Алаяқтардың әрекеттері *
Телефон арқылы байланысты
SMS немесе мессенджер арқылы хабрлама жазды
Жалған сайтты не әлеуметтік желідегі аккаунты таптым
Тіркелген файлдар
Файл көлемі 12 Мб-тан аспауы керек.Сіз 10 файлға дейін тіркей аласыз

ХОТИТЕ УЗНАВАТЬ О НАШИХ АКЦИЯХ ПЕРВЫМИ?!

Қоңырауға тапсырыс беру