Otbasy Bank Lite мобильді қосымшасының жұмысында үзілістер байқалады. Біздің мамандар қазірдің өзінде туындаған мәселелерді шешуде және қызметтерді тезірек қалпына келтіру үшін қолдан келгеннің бәрін жасауда.
Біз орын алған қолайсыздықтар үшін шын жүректен кешірім сұраймыз.
Банк бөлімшелері ертең, 2024 жылдың 19 қазанында сағат 13.00-ге дейін жұмыс істейтін болады. Банк филиалына келіп, сіз төмендегі операцияларды жасай аласыз (Алматы мен Қызылорда қалаларынан басқа):
- кредит бойынша алдын ала мақұлдау алу және кредиттік өтінім беру;
- төлемді азайта отырып, ішінара мерзімінен бұрын өтеу;
- толық, мерзімінен бұрын өтеу;
- тұрғын үй заемына көшу;
- депозитті толтыру;
- заем және сақтандыру мерзімін ұзарту;
- заемның мақсатты пайдаланылуын растау;
- депозитті бөлу, табыстау, біріктіру;
- әмбебап сабақтастық жасау;
- шот ашу;
- БЗТ қайтару;
- деректемелерді өзгерту.
Алматы және Қызылорда қалаларында 2024 жылдың 19 қазаны, сенбі күні сағат 13.00-ге дейін шот немесе депозит ашуға, сондай-ақ кредиттік өтінім беруге болады.
Барлық банктік операциялар Сізге Банк бөлімшелерінде дүйсенбіден жұмаға дейін, жұмыс уақытында қол жетімді болатынын хабарлаймыз.
Біз сіздің шыдамдылығыңызды және банкімізге деген сеніміңізді бағалаймыз. Барлық техникалық жұмыстарды жақын арада аяқтаймыз деп үміттенеміз.
Мобильді қосымшаның жұмысын қалпына келтіру туралы қосымша хабарланатын болады.
ХОТИТЕ УЗНАВАТЬ О НАШИХ АКЦИЯХ ПЕРВЫМИ?!