Қазақстанның Отбасы банкі жаңалықтары
Нашар көретіндерге арналған нұсқа

Құрметті клиенттер!

4 қараша 2019
2019 жылдың 1 қарашасынан бастап займыңыз бойынша алдын-ала мақұлдауды Тұрғын үй құрылыс жинақ банкінің бөлімшесіне бармай-ақ, бар болғаны 30 минутқа жетпейтін уақыт ішінде алуыңызға болады!
Банк кеңесшілері клиенттермен жұмыс барысында жаңа өкілеттікке ие болды.

Енді, займ алу жөніндегі өз мүмкіндіктеріңізді бағалау үшін, қалаған уақытта және кез-келген жерге банк кеңесшісін шақыртуыңызға болады. Ол үшін тек жеке куәлік пен ұялы телефоныңыз болса жеткілікті, яғни, қосымша анықтамаларды жинаудың еш қажеті жоқ.

Банк кеңесшісі сіз туралы мәліметтерді автоматтандырылған жүйеге енгізіп, займ бойынша Сертификат түрінде алдын-ала шешімді ұсынады. Яғни, сіз Тұрғын үй құрылыс жинақ банкі арқылы тұрғын үй жағдайын жақсарту мақсатында қандай сомада займ алу керектігін білетін боласыз. Бұл сертификат 1 ай көлемінде жарамды, осы уақыт аралығында сіз алдын-ала мақұлданған сома шеңберінде өзіңізге лайықты баспананы таңдап ала аласыз. Қазіргі таңда банктің алғашқы клиенттері кеңесшілер тарапынан осындай сертификаттарға қол жеткізуде.
Жаңа қызмет түрі тегін көрсетіледі және оны банк клиенттерімен қоса кез-келген адам пайдалана алады.

Қажетті баспананы таңдағаннан кейін, оны бағалау туралы есепті жасап, жылжымайтын мүлікке қатысты дайын құжаттармен бірге Тұрғын үй құрылыс жинақ банкінің бөлімшесіне бару керек. Онда осы сертификат негізінде сізге займ рәсімдейтін болады.

Бүгінде Тұрғын үй құрылыс жинақ банкінің алғашқы 180 кеңесшісі осы жаңа қызмет түрін көрсету құқығына ие. Алдағы уақытта олардың саны ұлғая бермек. Жаңа мүмкіндікке ие кеңесшілердің толықтай тізімімен сайтымыздағы «Сіздің кеңесшіңіз» атты бөлімде таныса аласыз.

Біз сіздерге бұрынғыдан да жақындай түстік!
Бұл туралы бөлісіңіз:
Сіз aлаяқтардан зардап шектіңіз бе?
Сізге алаяқтар телефон арқылы соқты, жалған сайтты не әлеуметтік желідегі аккаунты таптым
Сізден ақша алынған, Сіз кредит ресімдөдіңіз немесе алаяққа ақша аудардыңыз
Алаяқтардың әрекеттері *
Телефон арқылы байланысты
SMS немесе мессенджер арқылы хабрлама жазды
Жалған сайтты не әлеуметтік желідегі аккаунты таптым
Тіркелген файлдар
Файл көлемі 12 Мб-тан аспауы керек.Сіз 10 файлға дейін тіркей аласыз

ХОТИТЕ УЗНАВАТЬ О НАШИХ АКЦИЯХ ПЕРВЫМИ?!

Қоңырауға тапсырыс беру