«Қазақстанның Тұрғын үй құрылыс жинақ банкі» АҚ директорлар кеңесі кезекті отырыс өткізді
2020 жылдың 7 қыркүйегінде Нұр-Сұлтан қаласында «Қазақстанның Тұрғын үй құрылыс жинақ банкі» АҚ («Бәйтерек» холдингінің еншілес ұйымы) Директорлар кеңесінің отырысы өтті. Кездесу барысында ДК Төрағасы болып Қазақстан Республикасы Индустрия және инфрақұрылымдық даму бірінші вице-министрі Қайырбек Өскенбаев сайланды.
Өскенбаев Қайырбек Айтбайұлы әр жылдары "ҚазМұнайГазСервис" ЖШС Бас директорының коммерция және маркетинг бойынша орынбасары, Қазақстан Республикасы өңірлік даму вице-министрі, Қазақстан Республикасының Ұлттық экономика вице-министрі, АҚ ҰБХ Байтерек басқарушы директор-басқарма мүшесі, Қазақстан Республикасы Инвестициялар және даму вице-министрі болып қызмет атқарған. Қайырбек Айтбайұлының «Парасат», «I дәрежелі Даңқ», «Құрмет» Ордендері мен «Қазақстан Республикасының Конституциясына 10 жыл», «Астананың 10 жылдығы», «Қазақстан тәуелсіздігіне 20 жыл» мерейтойлық медалдары бар.
Отырыс барысында «Қазақстанның Тұрғын үй құрылыс жинақ банкі» АҚ 2020 жылдың бірінші жарты жылдығы бойынша жұмыс нәтижелері жөніндегі есеп, 01.07.2020 кезеңге дейінгі «Қазақстанның Тұрғын үй құрылыс жинақ банкі» АҚ жылдық бюджетті орындау және көрсеткіштер табыстылығы жөніндегі есеп, 2023 жылға дейінгі «Қазақстанның Тұрғын үй құрылыс жинақ банкі» АҚ даму стратегиясының мониторингі және 2020 жылдың бірінші жарты жылдығы бойынша даму стратегиясын жүзеге асыру негізіндегі «Қазақстанның Тұрғын үй құрылыс жинақ банкі» АҚ 2020-2022 жылдарға арналған іс-шаралар жоспары жөніндегі есептер бекітілді.
Сондай-ақ Директорлар кеңесі мүшелері банктің ішкі құжаттарының бірқатарына өзгертулер мен толықтырулар енгізуді бекітті.
ХОТИТЕ УЗНАВАТЬ О НАШИХ АКЦИЯХ ПЕРВЫМИ?!