Шрифт көлемі:
Сайттың түсі:
Дауыстық көмекші
ҚДБ экономиканың мүдделеріне сәйкес өз қызметін трансформациялауды бастайды

ҚДБ экономиканың мүдделеріне сәйкес өз қызметін трансформациялауды бастайды

1 июля 2016
«Қазақстанның Даму Банкі» АҚ («Бәйтерек» Ұлттық басқарушы холдингі» АҚ еншілес ұйымы, бұдан әрі – Банк, ҚДБ) ҚР Үкіметінің, Ұлттық банкінің қаржы-экономикалық блогі министрліктерімен, «Атамекен» Ұлттық кәсіпкерлер палатасы өкілдерімен өз қызметінің басты мәселелерін талқылауға бастамашы болды. Ұсынылған бастамаларды жүзеге асыру несие саясаты туралы Меморандумға және Банктің басқа да ішкі нормативтік актілеріне, жекелеген жағдайда «Қазақстанның Даму Банкі туралы» Заңға өзгерістер енгізуді талап етеді. 

ҚДБ ұсыныстары а.ж. 30 маусымда Астана қаласында ҚДБ ДК басшысы, «Бәйтерек» Холдингі Басқармасының Төрағасы Ерболат Досаевтың төрағалығымен өткен Банктің Директорлар Кеңесінің (ДК) кеңейтілген отырысы барысында талқыланды. Отырыс жұмысына қаржы ұйымы ДК мүшелерінен бөлек ҚР Ұлттық банкінің Төрағасы Данияр Ақышев, инвестициялар және даму вице-министрі Альберт Рау, қаржы вице-министрі Руслан Бекетаев, сондай-ақ «Атамекен» Ұлттық кәсіпкерлер палатасы Төралқасының мүшесі Ораз Жандосов қатысты.

Кеңейтілген отырыс қатысушылары жалпы ҚДБ бастамаларын қолдады. Бұдан өзге, Банктің ұсыныстары талқылауға қатысқан барлық мүдделі тараптармен толық пысықталатыны туралы келісімге қол жеткізілді. 

«Қазақстанның Даму Банкі» құрылғалы бері 15 жылда Банк жұмыс жасайтын ішкі және сыртқы орта, несие нарығының түрлі қаржы өнімдеріне талаптары түбегейлі өзгерді. Біз ел экономикасының шикізаттық емес секторларын дамытудың ағымдағы мүдделеріне жауап беретін ҚДБ қызметін трансформациялау қажеттігін көріп отырмыз», - деп баса айтты «Бәйтерек» Холдингінің басшысы Ерболат Досаев.
Соңғы екі жылда квазимемлекеттік сектордың Банктің несие қоржынының құрылымындағы үлесі 60%-дан 50%-ға дейін төмендеді. ҚДБ жеке бизнес жобаларының үлесін одан әрі ұлғайтуды жоспарлап отыр, ол қазіргі уақытта 44%-ды құрайды. 

Осыған байланысты Банктің жеке және квазимемлекеттік секторлардың жобаларын қаржыландыру мүмкіндіктерін кеңейту бойынша бастамалары мыналардан құралған: 

- Жобаларды жүзеге асырудан түсетін ақша ағындары қарыз бойынша қамсыздандыру болғанда жобалық қаржыландыру құралдарын енгізу. ҚДБ «Қазақстандық мемлекеттік-жеке меншік әріптестік орталығы» АҚ-мен бірге мемлекеттік-жеке меншік әріптестік (МЖӘ) жағдайында инфрақұрылым саласындағы жобаларды қаржыландыру сызбасын пысықтауға мүдделі. 

- Борышқорлық қаржыландырудағы несие нарығының қажеттіліктерін қанағаттандыру. Егер эмитент жоғары несие рейтингіне ие болған жағдайда Банктің борышқорлық бағалы қағаздарын алу арқылы жобаларға инвестициялау мүмкіндігі талқылануда. 

- Тікелей инвестициялар қорын (бұдан әрі – Қор) құру арқылы үлестік қаржыландыру құралдарын енгізу. Банк жауапкершілігі шектеулі Қордың (Limited Partner) «зәкірлі инвесторы» және серіктесі болып табылады, ал Қорды «Қазына Капитал Менеджмент» АҚ басқарады.

- Банктің инвестициялық жобаларды қаржыландыру «табалдырығын» 30 млн АҚШ долларына тең сомадан 7 млрд теңгеге тең мөлшерге дейін төмендету, себебі мемлекеттік қолдау шараларымен өңдеу өнеркәсібінің басымдықты секторларындағы қарыз сомасы 5 млрд теңгеден басталатын («Даму» Қоры үшін жоғарғы шегі) және 10 млрд теңгеге дейінгі (30 млн АҚШ доллары – ҚДБ үшін төменгі шек) инфрақұрылымдағы жобалар қамтылмаған. 

ҚДБ-нің ұлттық валютадағы қымбат емес ұзақ мерзімді қорландыруға қолжетімділігі мен жеткіліктілігі нарық жағдайында алынған қаражатты микширлеу және әлдеқайда арзан бюджеттік қарыз алысу мүмкіндігі талқылануда. Оған қоса, ҚДБ мемлекеттік құнды қағаздардың купондық табыстылығына салыстырмалы мөлшерлемелер бойынша бюджет қаражатын тартуды қамтамасыз ете алады. 
ҚДБ ДК отырысында сондай-ақ ҚР заңнамасымен ҚДБ мен барлық әлеуетті қарыз алушыларды банк құпиясына жататын, Банктің жобаларды қаржыландыру шарттары туралы негізгі ақпаратты ашуға міндеттейтін «Қазақстанның Даму Банкі туралы» Заңға және Несие саясаты туралы Меморандумға өзгерістер енгізу арқылы Банктің ашықтығын арттыру мәселесіне назар аударылды.
Бұл туралы бөлісіңіз:

Дауыстық көмекші

сайтта дауыстық көмекшісі бар
мәтінді таңдап дыбыс деңгейі түймесін басу керек

ХОТИТЕ УЗНАВАТЬ О НАШИХ АКЦИЯХ ПЕРВЫМИ?!

Қоңырауға тапсырыс беру