Шрифт көлемі:
Сайттың түсі:
Дауыстық көмекші
«Бәйтерек» ұлттық басқарушы холдингі» АҚ-ның Директорлар кеңесінің отырысы өтті

«Бәйтерек» ұлттық басқарушы холдингі» АҚ-ның Директорлар кеңесінің отырысы өтті

ҚР Премьер-Министрі, Директорлар кеңесінің төрағасы Кәрім Мәсімовтың төрағалығымен «Бәйтерек» ұлттық басқарушы холдингі» АҚ-ның Директорлар кеңесінің кезекті отырысы өтті.

Күн тәртібінде Холдингтің компания топтарын одан әрі дамытуға қатысты бірқатар мәселелер қаралды.

Директорлар кеңесі «Бәйтерек» холдингінің түзетілген 2014-2018 жылдарға арналған даму жоспарын бекітті.

Даму жоспарына түзетулер енгізудің негізгі себептері Мемлекет басшысының тапсырмасына сәйкес 2016-2017 жылдары экономикалық өсімді ынталандыру және жұмыспен қамтамасыз ету бойынша қосымша шараларді іске асыру, тұрғын үй құрылысын кепілдендіру бағдарламасын іске асыру болып табылады,- деп түсіндірді «Бәйтерек» ұлттық басқарушы холдингі» АҚ-ның Басқарма Төрағасы Ерболат Досаев.

Сондай-ақ Директорлар кеңесі Холдингтің 2014-2018 жылдарға арналған даму жоспарын орындау туралы есебін, 2015 жылғы жылдық бюджетін, 2015 жыл үшін жылдық есебін бекітті, сондай-ақ бірқатар ағымдық мәселелер қаралды.
Бұл туралы бөлісіңіз:

Дауыстық көмекші

сайтта дауыстық көмекшісі бар
мәтінді таңдап дыбыс деңгейі түймесін басу керек

ХОТИТЕ УЗНАВАТЬ О НАШИХ АКЦИЯХ ПЕРВЫМИ?!

Қоңырауға тапсырыс беру