Осы жылғы 1 желтоқсанда Қызылорда қаласында «Нұрлы жол» шеңберінде жалдамалы тұрғын үй бағдарламасы бойынша кезекте тұрғындардың арасында өмір сүруге өте ыңғайлы екі жайлы кешеннен пәтерлер үлестірілді: «СПМК» шағын ауданында – 370 пәтер, жалпы алаңы шамамен 25 мың шаршы метр; «Арай» шағын ауданында – 280 пәтер, жалпы алаңы 17,2 мың шаршы метр.
Барлығы – 650 пәтер, жалпы алаңы 42,2 мың шаршы метр. «Бәйтерек» холдингі және оның еншілес құрылымы «Қазақтандық Ипотекалық Компания» Қызылорда қаласында осы жылдың соңына дейін жалпы алаңы 17,4 мың шаршы метрлік тағы да 300 пәтерді үлестіруді жоспарлап отыр.
Жаңа пәтер иелерін құттықтап, Тұңғыш Президент күні көптен күткен пәтерлердің кілттерін табыстауға Қызылорда қаласына «Бәйтерек» холдингі мен «Қазақстандық Ипотекалық Компанияның» басшылары арнайы келді.
Жыл басынан бері Астана, Алматы, Шымкент, Ақтөбе, Қостанай, Көкшетау, Семей, Павлодар, Қарағанды, Тараз қалаларында 3 409 пәтер үлестіріліп қойды. Қарашада Ақтау мен Талдықорғанда кілт табыстау рәсімдері өтіп, жалпы алаңы 7,4 мың шаршы метр 130 пәтердің кілттері кезекте тұрғандарға берілді.
Жалдамалы пәтерлер жергілікті атқарушы органдардың кезегінде тұрған азаматтар санаттарына беріледі, олар: жас отбасылар, бюджеттік ұйымдардың қызметкерлері, мемлекеттік қызметшілер, көп балалы отбасылар, мүгедек балалары бар отбасылар, ата-ананың қамқорлығынсыз қалған, жетім балалар, толық емес отбасылар, әскери қызметшілер. Кезекте тұрғандардың тізімін жергілікті атқарушы органдар іріктеп, төлем қабілеттілігін растау үшін «Бәйтерек» холдингінің еншілес құрылымы «Қазақстандық ипотекалық компанияға» (ҚИК) жолдайды.
Тұрғын үйді жалға алудың орташа құны Алматы және Астана қалаларында 1 120 теңгеге дейін, ал қалған өңірлерде 923 теңгеге дейін құрайды. Жалдамалы тұрғын үй 20 жылға дейінгі мерзімге сатып алу құқығымен алғашқы жарнасыз жалға беріледі. Осы мерзім аяқталғаннан кейін жылжымайтын мүлік жалға алушының меншігіне өтеді. Жалға алудың 5 жылы өткеннен кейін баспананы қалған құны бойынша сатып алуға болады, ол қалған ай сайынғы жалдық төлемдердің сомасына тең.
Естеріңізге сала кетейік, Мемлекет басшысы 2014 жылғы қарашадағы «Нұрлы жол – болашаққа бастар жол» атты Қазақстан халқына Жолдауында қолжетімді тұрғын үй құрылысының тәсілдерін қайта қарауды және қазақстандықтарды қолжетімді, сапалы әрі арзан баспанамен қамтамасыз етуді тапсырды. Осыған байланысты Үкімет Өңірлерді дамытудың 2020 жылға дейінгі бағдарламасын бекітті, оның шеңберінде жалдамалы тұрғын үй мәселесіне ерекше көңіл бөлінеді.
Ағымдағы жылы Холдинг алдында Қазақстан бойынша 400 мыңнан астам шаршы метрді немесе шамамен 7 мың пәтерді пайдалану беру міндеті тұр. Қазіргі уақытта Астана, Алматы, Шымкент, Ақтөбе, Көкшетау, Қостанай, Семей, Тараз, Қарағанды, Ақтау, Павлодар және Қызылорда қалаларында алаңы 264 мың шаршы метр 4 557 пәтер пайдалануға берілді. Жыл соңына дейін Алматы, Шымкент, Ақтөбе, Тараз, Қызылорда, Ақтау, Өскемен, Павлодар, Семей қалаларында қосымша тағы 2,1 мың пәтердің берілуі жүзеге асырылады.
Баспасөз қызметі т. 8(7172) 919205, 87017932418
ХОТИТЕ УЗНАВАТЬ О НАШИХ АКЦИЯХ ПЕРВЫМИ?!