Құрметті салымшылар!
"Отбасы банк" АҚ (бұдан әрі – Банк) "ЖАО-ның әлеуметтік кредиттік тұрғын үйін сату" бағыты бойынша Тұрғын үй-коммуналдық дамудың 2020-2025 жылдарға арналған "Нұрлы жер" мемлекеттік бағдарламасына қатысуға өтініштерді қабылдау арқылы тұрғын үй құрылысы жобаларын іске асыру үшін дауыс беру мерзімі ауысқаны туралы хабарлайды.
Нысан: "Шымкент қаласы,"Тұран" шағын ауданы 9 қабатты №28,№29,№30,№31 тұрғын үйлер салу", орналасқан мекен-жайы: Қаратау ауданы, "Тұран" шағын ауданы, объект коды №1770.
Өтініштерді қабылдау 04.05.2022 ж.бастап 02.06.2022 ж. дейін (қоса алғанда).
Ұпайларды есептеу күні (Үміткерлерді іріктеу): 03.06.2022 жыл.
Құрылысты аяқтаудың жоспарлы мерзімі: желтоқсан айы 2021 жыл.
Тұрғын үйдің 1 ш. м. құны: 180 000 теңге, "таза" әрлеуде.
Жайлылық класы: 3
Пулға қатысуға өтінішті Банктің Otbasybank.kz. интернет-ресурсында беруге болады.
Өтініш беру күні мен уақыты берілген ұпайлардың санына және өтініш берушілердің кезектілігіне әсер етпейді.
Өтініштер ЖАО-да кезекте тұрған Банк салымшыларынан ғана қабылданады:
Банктің www.hcsbk.kz интернет-ресурсындағы "Қолжетімді баспана" бөлімінде және/немесе Банктің Otbasybank.kz. интернет-ресурсында Өтініш берушілерге қойылатын талаптармен, құрылыс нысанының сипаттамасымен толық танысуға, оның ішінде ғимарат қасбеттерінің фотосуреттерін және тұрғын үйдің жоспарлануын көруге болады.
Қосымша сұрақтар туындаған жағдайда, Банктің Байланыс орталығына 300 нөмірі (ұялы телефоннан тегін) бойынша хабарласуды сұраймыз.
ХОТИТЕ УЗНАВАТЬ О НАШИХ АКЦИЯХ ПЕРВЫМИ?!