Құрметті салымшылар!
"Отбасы банк" АҚ (бұдан әрі – Банк) "ЖАО-ның әлеуметтік кредиттік тұрғын үйін сату" бағыты бойынша Тұрғын үй-коммуналдық дамудың 2020-2025 жылдарға арналған "Нұрлы жер" мемлекеттік бағдарламасына қатысуға өтініштерді қабылдау арқылы тұрғын үй құрылысы жобаларын іске асыру үшін дауыс беру мерзімінің ауысқаны туралы хабарлайды.
Нысан: "Шымкент қаласы,"Тұран" шағын ауданы 9 қабатты 32,№33,№34 тұрғын үйлер салу", орналасқан мекен-жайы: Қаратау ауданы, "Тұран" шағын ауданы, объект коды №1769.
Өтініштерді қабылдау 15.04.2022 ж.бастап 15.05.2022 ж. дейін (қоса алғанда).
Ұпайларды есептеу күні (Үміткерлерді іріктеу): 16.05.2022 жыл.
Құрылысты аяқтаудың жоспарлы мерзімі: желтоқсан айы 2021 жыл.
Тұрғын үйдің 1 ш. м. құны: 180 000 теңге, "таза" әрлеуде.
Жайлылық класы: 3
Өтініштер ЖАО-да кезекте тұратын, оның ішінде "Бақытты отбасы" бағыты бойынша келесі санаттар бойынша Банк салымшыларынан ғана қабылданады:
1) мүгедек балалары бар немесе оларды тәрбиелеуші отбасылар; 2) көп балалы отбасылар; 3) толық емес отбасылар.
Пулға өтініштерді беру Банктің Otbasybank.kz. интернет-ресурсында жүзеге асырылады.
Несие беру, егер Өтініш берушінің таңдалған тұрғын үй құнынан кемінде 20% мөлшерінде жинақ шотында тұрғын үй құрылыс жинақ сомасы болса мүмкін болады, «Бақытты отбасы» бағыттарына қатысушылар үшін – несие сомасының кемінде 10%-ы.
Өтініш берушілерге қойылатын талаптармен, құрылыс нысанының сипаттамасымен, соның ішінде ғимарат қасбетінің және пәтер жоспарының фото-суреттерін Банктің Otbasybank.kz және/немесе www.hcsbk.kz интернет-ресурсындағы «Қолжетімді тұрғын үй» бөлімінен толығырақ көре аласыздар.
Өтінішті беру күні мен уақыты тағайындалған ұпайлар мен өтініш берушілердің кезектілігіне ықпал етпейді.
ХОТИТЕ УЗНАВАТЬ О НАШИХ АКЦИЯХ ПЕРВЫМИ?!