Қазақстанның Отбасы банкі жаңалықтары
Нашар көретіндерге арналған нұсқа
Жандосов көшесінде орналасқан 150/3 (нысан коды 1443) тұрғын үйіндегі пәтерлерді сатып алушыларға арналған ақпарат

Жандосов көшесінде орналасқан 150/3 (нысан коды 1443) тұрғын үйіндегі пәтерлерді сатып алушыларға арналған ақпарат

10 қаңтар 2020
30/09/19-01/11/19 аралығында baspana.kz жылжымайтын мүлік порталында банк пен "Күрделі құрылыс кәсіпорны" ЖШС (бұдан әрі-құрылысқа тапсырыс беруші) арасында жасалған келісім шеңберінде «Алматы қаласы, Жандосов көшесі, 150/3 үй» мекенжайы бойынша орналасқан нысанда "Өз үйім" бағдарламасы бойынша пәтерлерді брондау және төлем қабілеттілігін растау жүргізілді.
01/11/19 брондау мерзімі аяқталғаннан кейін Банк пәтерлерді сатып алу-сату шартын жасау үшін клиенттердің тізімімен қоса Құрылысқа тапсырыс берушіге хат жолдады.
27/11/19 Құрылысқа тапсырыс берушіден сатып алу-сату шарттарын жасасу мүмкін еместігі туралы хат алынды. Ол сыртқы инженерлік желілерді (жылу және электрмен жабдықтау) қосу, сондай-ақ, нысанды пайдалануға беру және оны Алматы қаласының балансына өткізу туралы акттің болмауына байланысты. Бүгінгі күні Құрылысқа тапсырыс беруші оларды қосу мерзімін тездету үшін барлық қажетті шараларды қабылдау үстінде.
26/12/19 Банкке Құрылысқа тапсырыс берушіден - мердігер ұйым тарапынан паркингтің шатырын гидрооқшаулау бойынша жұмыстардың сапасыз орындалуына байланысты паркингтің жертөле қабаттарын су басып жатқандығы туралы хат келіп түсті. Бұл ретте электр қалқаншаның тұйықталу қаупі туындайды, ол тұрғын үйді токтан ажыратуға әкеледі. Құрылыстағы кемшіліктерді жою бойынша, сондай-ақ іргелес аула аумағын абаттандыру бойынша жұмыстарды жылдың жылы мезгілінде (сәуір-мамыр) жобалық шешімдерге өзгерістер енгізе отырып, жаңарту жоспарланып отыр. Осыған байланысты, болжамды жұмыстың аяқталу мерзімі: 2020 жылдың 3-тоқсаны.
Жасалған келісімнің шарттары бойынша Құрылысқа тапсырыс беруші белгіленген мерзімде тиісті сападағы құрылысты жүзеге асыруға міндеттенеді. Сондай-ақ, тұрғын үйді бөлу рәсімінен өткен Банк салымшыларына пәтерлерді сатуға міндеттенеді. Алайда, тапсырыс берушінің келісім бойынша өзіне қабылдаған міндеттемелерді мерзімінде орындамауына байланысты, Банк несиені барлық кемшіліктер жойылып, коммуникация жүргізілгеннен кейін және Құрылысқа тапсырыс беруші мен сатып алушы арасында сатып алу-сату шарттары жасалғаннан соң береді.
Банк пәтер сатып алушылар сияқты "Алматы қаласы әкімдігінің Күрделі құрылыс кәсіпорны" ЖШС тарапынан жұмыстардың аяқталуын күтеді.
Инженерлік-коммуникациялық инфрақұрылымды қосуды, ауланы абаттандыруды күтуге дайын салымшылардың санын анықтау мақсатында, 01.03.03ж. дейін несиелік өтінімді жою туралы немесе 2020 жылдың 3-тоқсанына дейін құрылыстың аяқталуын күтуге келісім беру туралы өтінішке қол қою үшін Банк бөлімшесіне хабарласуыңызды сұраймыз.
Бұл туралы бөлісіңіз:
Сіз aлаяқтардан зардап шектіңіз бе?
Сізге алаяқтар телефон арқылы соқты, жалған сайтты не әлеуметтік желідегі аккаунты таптым
Сізден ақша алынған, Сіз кредит ресімдөдіңіз немесе алаяққа ақша аудардыңыз
Алаяқтардың әрекеттері *
Телефон арқылы байланысты
SMS немесе мессенджер арқылы хабрлама жазды
Жалған сайтты не әлеуметтік желідегі аккаунты таптым
Тіркелген файлдар
Файл көлемі 12 Мб-тан аспауы керек.Сіз 10 файлға дейін тіркей аласыз

ХОТИТЕ УЗНАВАТЬ О НАШИХ АКЦИЯХ ПЕРВЫМИ?!

Қоңырауға тапсырыс беру