Жаңаөзен қаласында «Өз үйім» бағдарламасына қатысу үшін өтініштер қабылдау басталғаны туралы

Жаңаөзен қаласында «Өз үйім» бағдарламасына қатысу үшін өтініштер қабылдау басталғаны туралы

5 декабря 2018
Құрметті салымшылар !

«Қазақстанның тұрғын үй құрылыс жинақ банкі» АҚ «Өз үйім» бағдарламасына қатысу үшін өтініштерді қабылдау арқылы тұрғын үй құрылысы нысанына дауыс беру басталғаны туралы хабарлайды.
Нысан: Жаңаөзен қаласы, Мамыр шағын ауданында орналасқан «Бейбітшілік» тұрғын үй кешені, коды: 1268.
Тапсырыс беруші/Құрылыс салушы: ТОО «ЭйДжейСompany»
Құрылыстың аяқталуының болжамды мерзімі: 2019 жылдың мамыр айы.

Тұрғын үй бекітілген жобаға сәйкес және толық дайын болған жағдайда пайдалануға беріледі.
Тұрғын үйдің 1 ш.м. бағасы: 130 000 теңге
Жайлылық класы: ІV класс
Пәтер саны: 30, оның ішінде:
1-бөлмелі пәтер,жалпы ауданы 47,0 ш.м. –6 пәтер;

2 -бөлмелі пәтер, жалпы ауданы 68,0 -73,0 ш.м.-17 пәтер;

3-бөлмелі пәтер, жалпы ауданы 94,0 ш.м.- 7 пәтер;
«Өз үйім» бағдарламасына қатысу үшін өтініш беру мерзімі: 2019 жылғы 11 ақпаннан бастап 2019 жылғы 4 наурызға дейін (қоса алғанда).
Баллдарды есептеу күні (үміткерлерді іріктеу): 05 наурыз 2019 жыл.
Іріктеу мерзімі (төлемқабілеттілігін бағалау): 11.03.2019 ж. – 03.04.2019 ж.

Іріктеу орны: Ақтау қаласы

«Өз үйім» бағдарламасына қатысуға өтініш беру үшін өтініш берушінің тұрғын үй құрылыс жинақ шотында кемінде 500 000 (бес жүз мың) теңге жинағы болуы тиіс.

Өтініш берушінің тұрғын үй құрылыс жинақ шотында таңдалған пәтер құнының кемінде 20%-ы көлемінде тұрғын үй құрылыс жинағы болғанда алдын ала тұрғын үй заемын алуға өтініш беру мүмкін болады.
Бағдарламаға қатысуға өтініш бере отырып, Банк Салымшылары Нысандағы пәтерлерді Банк салымшыларына өткізуге дауыс береді. Өтініш қабылдау аяқталған күні Банктің ішкі құжаттарына сәйкес Үміткерлердің/Резервистердің [Іріктелген үміткерлер] қажетті саны жеткіліксіз болған жағдайда, онда Нысанға қажетті дауыс беру саны жиналмаған деп есептелініп, Бағдарламаға қатысуға берілген өтініштердің күші автоматты түрде жойылады.

Бағдарламаға қатысуға өтініш Банктің www.baspana.kz интернет-ресурсында тек қана Банк салымшыларынан қабылданады.

Тұрғын үйді бөлу тәртібі, іріктеуге (төлем қабілеттілігін бағалау) құжаттар тізімі, сондай-ақ ғимарат қасбетінің фото-суреттерімен және пәтерлердің/жеке тұрғын үйлердің жоспарымен Банктің www.hcsbk.kz және/немесе www.baspana.kz интернет-ресурсында танысуға болады.

Бұл туралы бөлісіңіз:

ХОТИТЕ УЗНАВАТЬ О НАШИХ АКЦИЯХ ПЕРВЫМИ?!

Қоңырауға тапсырыс беру