Интернет-банк

baspana.kz

Консультанттар

Бөлімшелер мен терминалдар

Қызылорда қ., Астана м.а. тұрғын үйді сатып алушылар мен жалға алушылардың пулына қатысуға қосымша өтініш қабылдау туралы

Қызылорда қ., Астана м.а. тұрғын үйді сатып алушылар мен жалға алушылардың пулына қатысуға қосымша өтініш қабылдау туралы

28 Июля 2015

  Құрметті салымшылар!

«Қазақстанның тұрғын үй құрылыс жинақ банкі» АҚ  2015 жылдың 28 шілдесінен бастап 2015 жылдың 6 тамызына дейін тұрғын үйді сатып алушылар мен жалға алушылардың пулына қатысуға қосымша өтініш қабылданатындығын хабарлайды.

ЖАО-ның тұрғын үй бөлу нәтижесі бойынша бөлінбей қалған пәтерлерді үлестіру үшін, пул «Өңірлерді дамытудың 2020 жылға дейінгі бағдарламасының» «Халықтың барлық санатына арналған тұрғын үй» бағытының ІІ тобы талаптарына сәйкес келетін тұлғалардың санатынан құрылады. Нысан – «Өңірлерді дамытудың 2020 жылға дейін» бағдарламасы шеңберінде құрылысы аяқталған Қызылорда облысы, Қызылорда қаласы, Астана мөлтек  ауданы,  №7 үй, №20 пәтер мекен-жайы бойынша 5 қабатта орналасқан (тек қана 1 үш бөлмелі) пәтер. Бағасы «таза» әрлеумен 1 шаршы метрге 90 000 теңге. Құрылысы аяқталған.  

Қатысушыларға қойылатын талаптармен Банктің www.hcsbk.kz Интернет-ресурсындағы «Өңірлерді дамытудың 2020 жылға дейінгі бағдарламасы» бөлімінде танысуға болады.

Өтінішті Банктің www.hcsbk.kz Интернет-ресурсындағы «Клиенттің жеке кабинетінде» беруге болады.

Өтініш тек Банк салымшыларынан ғана қабылданады.

Банктің Қызылорда облысы, Қызылорда қаласы, Байтұрсынов к-сі, 122 үй мекенжайында орналасқан филиалында немесе Банктің www.hcsbk.kz Интернет-ресурсында тұрғын үй құрылыс жинақ жүйесі арқылы тұрғын үйді сатып алушылар мен жалға алушылардың пулын құру тәртібімен, қатысушыға қойылатын талаптармен және құрылыс нысанының сипаттамасымен (соның ішінде ғимарат қасбетін және пәтерлердің жоспарлануын көру де бар) толығымен танысуға болады. 

 

ХОТИТЕ УЗНАВАТЬ О НАШИХ АКЦИЯХ ПЕРВЫМИ?!