Құрметті салымшылар!
«Өңірлерді дамытудың 2020 жылға дейінгі бағдарламасы» аясында "Халықтың барлық санатына арналған тұрғын үй" бағыты бойынша ІІ топтың талаптарына сәйкес келген тұлғалардан қалыптасатын тұрғын үйді сатып алушылар мен жалға алушылардың пулына қатысуға өтініштер Қызылорда облысы, Қызылорда қаласы, «Арай-2» мөлтек ауданындағы №1, №2, №3, №4, №5 үйлері (барлығы 240 пәтер, оның ішінде «Қазақстанның тұрғын үй құрылыс жинақ банкі» АҚ желісі бойынша 120 пәтер), 1 шаршы метрінің бағасы 100 000 теңге, «таза әрлеумен» болатын тұрғын үй кешенінің құрылысы бойынша 2015 жылдың 1 шілде - 1 қыркүйек аралығында қабылданатындығы туралы хабарлаймыз. Тұрғын үй құрылысы 2015 жылдың III –маусымында аяқталады.
Өтініштерді Банктің www.hcsbk.kz Интернет-ресурсындағы «Жеке кабинетте» беруге болады.
Өтініш тек Банк салымшыларының өзінен ғана қабылданады.
Қызылорда облысы, Қызылорда қаласы, Байтұрсынов көшесі, №122 үй мекен-жайы немесе Банктің www.hcsbk.kz Интернет-ресурсында тұрғын үй құрылыс жинақ жүйесі арқылы тұрғын үйді сатып алушылар мен жалға алушылардың пулын құру тәртібімен және құрылыс нысанының суреттемесімен (соның ішінде ғимарат қасбетін және пәтерлердің жоспарлануымен) егжей-тегжейлі танысуға болады.
ХОТИТЕ УЗНАВАТЬ О НАШИХ АКЦИЯХ ПЕРВЫМИ?!