ШҚО Өңірлік жобасына қатысушылардың біліктіліктен өту қажеттілігі туралы

ШҚО Өңірлік жобасына қатысушылардың біліктіліктен өту қажеттілігі туралы

12 июля 2018
Құрметті салымшылар!

«Қазақстанның тұрғын үй құрылыс жинақ банкі» АҚ (бұдан әрі - Банк) құрылыс нысандарын аяқтауға байланысты біліктіліктен (төлем қабілеттілігін бағалау) өту қажеттілігі туралы хабарлайды.
Нысан: «ШҚО, Ұлан ауданы, Қасым Қайсенов кенті, Нұржау көшесінде орналасқан 40-пәтерлі бес қабатты тұрғын үй, №2 айқындама», нысан коды 210.
Тұрғын үйдің 1 ш.м. бағасы : Таза әрленген үй - 119 000 теңге
Пәтер саны: 6, оның ішінде:
Пәтер түрі 3-бөлмелі пәтер: 6, ең жоғары мөлшері: 85,64 ш.м.
Біліктілік (төлем қабілеттілігі бағалау) кезеңі: 2018 жылғы 16 шілдеден бастап 2018 жылғы 24 шілдеге дейін.
Пәтерлерді таңдау мерзімі: 2018 жылғы 16 шілдеден 2018 жылғы 27 шілдеге дейін
Пәтерді таңдау күні: 2018 жылғы 30 шілде.

Құрылыс нысанының сипаттамасымен, соның ішінде ғимарат қасбетін және пәтерлердің жоспарлануын Банктің www.hcsbk.kz интернет ресурсында егжей-тегжейлі танысып, көруге болады.
Бөлу тәртібі Банктің www.hcsbk.kz интернет-ресурсында көрсетілген.
Біліктіліктен өту үшін құжаттар тізімі (төлемқабілеттілігін бағалау) Банктің www.hcsbk.kz интернет-ресурсында көрсетілген.
Біліктіліктен (төлем қабілеттілігін бағалау) өтуші үміткерлердің тізімін Банктің www.hcsbk.kz интернет-ресурсында көрсетілген.
Банк біліктіліктен (төлем қабілеттілігін бағалау) өту мерзімі өткен соң құжаттар қабылдамайды.

Бұл туралы бөлісіңіз:

ХОТИТЕ УЗНАВАТЬ О НАШИХ АКЦИЯХ ПЕРВЫМИ?!

Қоңырауға тапсырыс беру