Шрифт көлемі:
Сайттың түсі:
Дауыстық көмекші
Тұрғын үй құрылыс нысанын іке асыруды тоқтату туралы хабарландыру

Тұрғын үй құрылыс нысанын іке асыруды тоқтату туралы хабарландыру

2 июня 2017
Құрметті салымшылар!

«Бәйтерек девелопмент» АҚ-ның өтініміне сәйкес (тұрғын үй құрылысы жобаларына іріктеуді жүзеге асыратын «Нұрлы жол» АҚ құрылысының операторы), төменде көрсетілген нысандар (әрі қарай-Нысандар) бойынша, «Бәйтерек девелопмент» АҚ арқылы кредиттік тұрғын үй құрылысы» бағыты аясында «Нұрлы жол» бағдарламасына (әрі қарай-Бағдарлама) қатысуға өтініштер қабылдау арқылы тұрғын үй құрылысы жобасын іске асыру үшін «Қазақстанның тұрғын үй құрылыс жинақ банкі» АҚ (әрі қарай-Банк) салымшыларының дауыс беруін өткізді. Дауыс беру қорытындысы бойынша (өтініш қабылдау) Нысандар келісілген болып табылды, ал кейбір Нысандар бойынша жартылай іске асырылуы келісілген:

1) Қарағанды қ., 137 есеп орам, Республика даңғ. мен Гудермесская көш. қиылысы мекенжайы бойынша орналасқан 9-қабатты тұрғын үй, нысан коды - 308;
2) Қарағанды қ., 137 есеп орам, 859 телім мекенжайы бойынша орналасқан 9-қабатты тұрғын үй, нысан коды - 298;
3) Қарағанды қ., Октябрьский ауданы, 11 ш.а., Бирюзов көш., 23/б мекенжайы бойынша орналасқан 65-пәтерлі 5-қабатты тұрғын үй, нысан коды - 234;
4) Ақмола облысы, Целиноград ауданы, Қосшы ауылы, 016 есеп орам, 7052 жер телімі мекенжайы бойынша орналасқан №1, №2 айқындамалары бар тұрғын үй, нысан коды - 306;
5) Алматы қ., Алатау ауданы, Б. Момышұлы көш. мен Рысқұлов даңғ. Қиылысы мекенжайы бойынша орналасқан 9-қабатты 72-пәтерлі тұрғын үйлер нысан коды - 312;
6) Алматы қ., Алатау ауданы, Б. Момышұлы көш. мен Рысқұлов даңғ. қиылысы мекенжайы бойынша орналасқан 12-қабатты 46-пәтерлі тұрғын үйлер нысан коды - 313;
7) Атырау қ., Нұрсая ш.а., 2 оралым мекенжайы бойынша орналасқан 50-пәтерлі тұрғын үй, нысан коды 307;
8) Семей қ., Қарағайлы тұрғын ауданы мекенжайы бойынша орналасқан 54-пәтерлі №5, №6, №10 тұрғын үйлер, нысан коды 309, 310, 311;
9) Павлодар қ., Ак. Бектұров көш. мен П. Васильев көш. қиылысы мекенжайы бойынша орналасқан 9-қабатты 3-кіреберісті тұрғын үй, нысан коды - 305;
10) Шымкент қ., Тұлпар ш.а. мекенжайы бойынша орналасқан 3-қабатты №5, №6 тұрғын үйлер, нысан коды 292;
11) Түркістан қ., айналма тас жолы бойында орналасқан №1, №2, №3, №4 тұрғын үйлер, нысан коды 294, 295, 296, 297;
12) Шымкент қ., Тұран ш.а., Жаңақұрылыс көш. мекенжайы бойынша орналасқан 9-қабатты тұрғын үйлер, нысан коды 304

Алайда, Банкке «Бәйтерек девелопменттен» келіп түскен хатқа сәйкес, аталған Нысандар бойынша тұрғын үйдің әрі қарай өткізілуі мүмкін емес. «Нұрлы жол» бағдарламасынан Банк салымшыларына кредиттік тұрғын үйді өткізу мәселесін реттейтін «Тұрғын үй инфрақұрылымын нығайту» туралы 5.5. бөлім алынып тасталынғандықтан, «Бәйтерек девелопмент» АҚ мен Нысан құрылысын салушылар арасындағы құрылысты инвестициялау шартын жасау және пәтерлерді әрі қарай өткізу мүмкін емес болып табылды.

Салымшыларға «Нұрлы жер» бағдарламасы мен «Өз үйім» бағдарламасының басқа жобаларына қатысуға мүмкіндік беру мақсатында, Банк пулдарды тарату және Нысандарға дауыс берген салымшылардың өтініштерінің күшін жою туралы шешім қабылдады.

Банктің іске асыратын басқа да тұрғын үй құрылыс нысандарына дауыс беру туралы ақпаратын Банктің www.hcsbk.kz сайтынан білуіңізге болады.

Сұрақтарыңыз туындаған жағдайда, 300 нөмірі бойынша (ұялы байланыстан тегін) Банктің Байланыс-орталығына хабарласуларыңызға болады.


Бұл туралы бөлісіңіз:

Дауыстық көмекші

сайтта дауыстық көмекшісі бар
мәтінді таңдап дыбыс деңгейі түймесін басу керек

ХОТИТЕ УЗНАВАТЬ О НАШИХ АКЦИЯХ ПЕРВЫМИ?!

Қоңырауға тапсырыс беру