Шрифт көлемі:
Сайттың түсі:
Дауыстық көмекші
Тұрғын үй құрылыс жинақ банкінде Басқарманың жаңа мүшесі сайланды

Тұрғын үй құрылыс жинақ банкінде Басқарманың жаңа мүшесі сайланды

10 февраля 2017
Әділет Қожанбаев «Қазақстанның тұрғын үй құрылыс жинақ банкі» АҚ («Бәйтерек» Холдингінің еншілес ұйымы) Басқармасы төрағасының орынбасары болды. Бұрын бұл қызметті Қайрат Алтынбеков атқарып келген болатын.
Кеңес басшысы, «Бәйтерек» Ұлттық басқарушы холдингі» АҚ Басқарма төрағасы Ерболат Досаевтың төрағалығымен өткен банктің Директорлар кеңесінің отырысы барысында Басқарма құрамының өзгергені мәлім болды.
Банк саласындағы еңбек жолын Әділет Қожанбаев 2001 жылдан бастады. Тұрғын үй құрылыс жинақ банкінде 2014 жылдың ақпан айынан бастап жұмыс істейді. Операциялық департамент директоры және Басқарушы директор қызметін атқарды.
Сондай-ақ осы отырыста 4-тоқсандағы және 2016 жылдың қорытындысы бойынша Директорлар кеңесінің, Директорлар кеңесі комитеттерінің жұмысы туралы есеп қарастырылды. 2017 жылғы банктің Ішкі аудит департаментінің Жылдық аудиторлық жоспарына енгізілетін өзгерістер мен толықтырулар бекітіліп, 01.01.2017 ж. жағдай бойынша «Қазақстанның тұрғын үй құрылыс жинақ банкі» АҚ-мен ерекше қатынас арқылы байланысқан тұлғалардың тізбесін куәландыру туралы шешім қабылданды.
«Қазақстанның тұрғын үй құрылыс жинақ банкі» АҚ «Бәйтерек» Ұлттық басқарушы холдингі» АҚ еншілес компаниясы болып табылады. Холдингті құрудағы мақсат – экономиканың дамуына және әртараптандырылуына ықпал ету, инвестиция тарту, кластерлерді дамыту және еншілес ұйымдарда корпоративті басқару жүйесін жетілдіру.
Бұл туралы бөлісіңіз:

Дауыстық көмекші

сайтта дауыстық көмекшісі бар
мәтінді таңдап дыбыс деңгейі түймесін басу керек

ХОТИТЕ УЗНАВАТЬ О НАШИХ АКЦИЯХ ПЕРВЫМИ?!

Қоңырауға тапсырыс беру