Банк салымшыларының назарына! | Тұрғын үй құрылыс жинақ банкі филиалдарының 2016 жылдың 30 желтоқсанынан 2017 жылдың 4 қаңтарына дейінгі жұмыс тәртібі жайында хабарлаймыз.
Нашар көретіндерге арналған нұсқа
Банк салымшыларының назарына!

Банк салымшыларының назарына!

7 желтоқсан 2016
«Қазақстанның тұрғын үй құрылыс жинақ банкі» АҚ филиалдардың 2016 жылдың 30 желтоқсанынан 2017 жылдың 4 қаңтарына дейінгі жұмыс тәртібі жайында хабарлайды:

Банк филиалдары 2016 ж. 30 желтоқсанында Астана уақытымен сағат 18.00-ге дейін келесі операцияларды жасайды:
• тұрғын үй құрылыс жинақ шартын жасау және бұзу;
• тұрғын үй құрылыс жинақ шартының талаптарына өзгеріс енгізу;
• жасалған тұрғын үй құрылыс жинақ шартын біріктіру, бөлу, құқықтар мен міндеттемелерді беру бойынша қосымша келісімдер жасау;
• заем беру, ақша беру және аудару, мемлекеттік, салалық, өңірлік тұрғын үй бағдарламалары аясында заем беру бойынша ақша аудару;
• заемдарды өтеу шотына касса және төлем терминалдары арқылы ақша қабылдау және салым жарнасын қабылдау *.


* 2016 ж. 30 желтоқсанында Астана уақытымен сағат 18.00-ден кейін Банк серіктестерінің төлем жүйелері арқылы салынған салым жарналары бойынша өтеу шотына түсетін төлемдер 2017 жылдың 4 қаңтарында есептелініп қосылатын болады.


2017 ж. 4 қаңтарынан бастап Банк келесі операцияларды жасайды:
• заемдарды өтеу шотына касса және төлем терминалдары арқылы ақша қабылдау және салым жарнасын қабылдау;
• тұрғын үй құрылыс жинақ шартын жасау және бұзу;
• заем беру, ақша беру және аудару.

2017 ж. 4 қаңтарынан бастап 2016 жылға арналған мемлекет сыйлықақысы салымшылардың жинақ шотына есептеліп қосылған сәтке дейін Банк филиалдары тұрғын үй құрылыс жинақ шартының талаптарын өзгертуге өтініш қабылдамайды (құқықтар мен міндеттемелерді беру, біріктіру, бөлу/ішінара алу).

Сізді қызықтырған сауалдар бойынша 300 нөміріне хабарласуыңызды сұраймыз
Бұл туралы бөлісіңіз:

ХОТИТЕ УЗНАВАТЬ О НАШИХ АКЦИЯХ ПЕРВЫМИ?!

Қоңырауға тапсырыс беру