Қазақстанның Отбасы банкі жаңалықтары
Нашар көретіндерге арналған нұсқа

Банк рейтингі

10 қараша 2016
Moody’s investors service халықаралық рейтингтік агенттігі «Қазақстанның тұрғын үй құрылыс жинақ банкі» АҚ-ның («Бәйтерек» холдингінің еншілес банкі) елдің егемен рейтингі деңгейіндегі «Baa3» ұзақмерзімді кредиттік рейтингін растады.

Тұрғын үй құрылыс жинақ банкінің қазіргі рейтингі оның тұрақтылығын, басқару қызметінің және бизнес-стартегиясының тиімділігін, клиенттердің оған деген сенімін, салымшылар алдындағы өз міндеттемелерін орындаудағы сенімділігін көрсетеді, - деп нақтылады Тұрғын үй құрылыс жинақ банкінің баспасөз қызметі.

Қазіргі таңда, ҚТҚЖБ – ипотекалық кредит нарығында көшбастап тұр. 2016 жылғы соңғы 9 ай нәтижесінен оның еліміздегі барлық ипотекалық заемның 64%-ын бергенін көруге болады. Сонымен қатар, банк ең жоғары сапалы кредиттік қоржынға ие, проблемалық заемдардың үлесі 0,44% құрайды. Яғни, мерзімі өткен қарыздардың мұндай төменгі көрсеткіші заемшылардың төлем тәртібін уақтылы жүргізетіндігін білдіреді.

Тұрғын үй құрылыс жинақ банкінде қазір 730 мың депозит ашылған. Ағымдағы жылдың соңғы 9айының өзінде ҚТҚЖБ жүйесіне 187 мың жаңа қатысушы енгізілді.

«Қазақстанның тұрғын үй құрылыс жинақ банкі» АҚ «Бәйтерек» Ұлттық басқарушы холдингі» АҚ –ның еншілес компаниясы болып табылады. Холдинг экономиканы дамыту және әртараптандыруға ықпал ету, инвестиция тарту, кластерлерді дамыту және оның еншілес ұйымдарында корпоративтік басқару жүйесін жетілдіру мақсатымен құрылған.
Бұл туралы бөлісіңіз:
Сіз aлаяқтардан зардап шектіңіз бе?
Сізге алаяқтар телефон арқылы соқты, жалған сайтты не әлеуметтік желідегі аккаунты таптым
Сізден ақша алынған, Сіз кредит ресімдөдіңіз немесе алаяққа ақша аудардыңыз
Алаяқтардың әрекеттері *
Телефон арқылы байланысты
SMS немесе мессенджер арқылы хабрлама жазды
Жалған сайтты не әлеуметтік желідегі аккаунты таптым
Тіркелген файлдар
Файл көлемі 12 Мб-тан аспауы керек.Сіз 10 файлға дейін тіркей аласыз

ХОТИТЕ УЗНАВАТЬ О НАШИХ АКЦИЯХ ПЕРВЫМИ?!

Қоңырауға тапсырыс беру