Құрметті, салымшылар!
2021 жылдың 18 мамырдан бастап 2021 жылдың 16 маусымға дейінгі кезеңінде «ШҚО, Семей қ. «Карагайлы» тұрғын ауданы көшесінде орналасқан 9 қабатты, 54 пәтерлі тұрғын үйі, №3 позиция, 1729 коды"» нысаны бойынша (бұдан әрі-Нысан) Тұрғын үй-коммуналдық дамудың 2020-2025 жылдарға арналған "Нұрлы жер" мемлекеттік бағдарламасына (бұдан әрі – Бағдарлама) «ЖАО-ның әлеуметтік кредиттік тұрғын үйін өткізу» бағыты бойынша қатысуға арналған өтініштер қабылдау жүргізілді.
Банкке ЖАО-дан келіп түскен хатқа сай, көрсетілген нысан бойынша бойынша үйлердің нөмірленуін бекітуге байланысты тұрғын үйлердің техникалық сипаттамалары өзгерді: жоғарыда аталған нысанның атауы: «Қарағайлы тұрғын ауданында, 9 қабатты 54 көппәтерлі тұрғын үй, № 42 "Б" «Қарағайлы». Мекен-жайы: ШҚО, Семей қаласы, «Қарағайлы» тұрғын алабы, 1729 коды».
Осы өзгерістермен келіспеген жағдайда, салымшылар Банкке жүгіну арқылы Тұрғын үй-коммуналдық дамудың 2020-2025 жылдарға арналған "Нұрлы жер"мемлекеттік бағдарламасына қатысуға берілген өтініштердің күшін жоя алады.
Сонымен қатар, осы хабарландыру Банктің интернет-ресурсында орналастырылған күннен бастап күнтізбелік 30 (отыз) күн ішінде Банк күшін жою туралы өтінішті алмаған жағдайда, Банк салымшы осы өзгерістермен келіседі деп есептейтін болады. Тұрғын үй-коммуналдық дамудың 2020-2025 жылдарға арналған "Нұрлы жер" мемлекеттік бағдарламасына қатысуды жалғастыруға ниет білдірген салымшыларға, Банк Тұрғын үйді дамытудың 2020-2025 жылдарға арналған "Нұрлы жер" мемлекеттік бағдарламасының тәртібі мен талаптарында тұрғын үйді одан әрі өткізуді жалғастыратын болады.
Іске асыру жоспарланған Құрылыс нысандары туралы жаңалықтарды Банктің www.hcsbk.kz интернет-ресурсында «Қолжетімді баспана» бөлімінде және/немесе Банктің Otbasybank.kz интернет-ресурсында бақылап отыруыңызды сұраймыз.
Қосымша сұрақтарыңыз туындаған жағдайда, Банктің Байланыс-орталығына 300 (ұялы телефоннан тегін) нөмірі бойынша хабарласуыңызды сұраймыз.
ХОТИТЕ УЗНАВАТЬ О НАШИХ АКЦИЯХ ПЕРВЫМИ?!