Шрифт көлемі:
Сайттың түсі:
Дауыстық көмекші
Көкшетау қаласында «Нұрлы жол» бағдарламасы бойынша қосымша конкурс өткізілетіндігі туралы

Көкшетау қаласында «Нұрлы жол» бағдарламасы бойынша қосымша конкурс өткізілетіндігі туралы

16 февраля 2018
Құрметті салымшылар!

«Қазақстанның тұрғын үй құрылыс жинақ банкі» АҚ кредиттік тұрғын үй құрылысы бағыты бойынша «Нұрлы жол» бағдарламасы бойынша қосымша конкурс өткізілетіндігі туралы хабарлайды.

Нысан: «Ақмола облысы, Көкшетау қаласы, №1 ш.а., 6/1 үй» мекенжайында орналасқан екі тұрғын үй ғимараты бар, тұрғын үйге қосымша салынған құрылыс, 7 айқындама, нысан коды 367.

Құрылыстың аяқталу мерзімі: мамыр 2017 жыл
Тұрғын үйдің 1 шаршы метрінің құны: «таза» әрлеуде 125 000 теңге.
Жайлылық сыныбы: 4 класс
Пәтер саны: 8
Пәтер түрі 3-бөлмелі: 8 пәтер, ең үлкен аумағы 92,53 ш.м.
Қатысуға өтініш қабылдау мерзімі: 2018 жылғы 19 ақпаннан бастап 28 ақпанға дейін
Балл есептелінетін күн (Үміткерлерді іріктеу), Нысан келісілген жағдайда: 1 наурыз 2018 ж.
Квалификация мерзімі: 2018 жылғы 5 наурыздан бастап 20 наурызға дейін.
Үй тандау мерзімі; 2018 жылғы 5 наурыздан бастап 28 наурызға дейін.
Пәтер үйлестіру күні: 29 наурыз 2018 ж.
Банктің www.hcsbk.kz интернет-ресурсындағы «Жеке кабинетте/Интернет-банкте» өтініш беруге болады. Өтініш беру күні мен уақыты берілген балл санына және өтініш берушілердің кезектілігіне ықпал етпейді.
Өтініш тек қана Банк салымшыларынан қабылданады.
Банктің www.hcsbk.kz интернет-ресурсындағы «Қолжетімді тұрғын үй» бөлімінде өтініш берушілерге қойылатын талаптармен, құрылыс нысанының сипаттамасымен толық танысуға болады. Соның ішінде ғимарат қасбетінің және пәтер жоспарының фото-суреттерін көре аласыздар.
Пәтер үйлестіру тәртібі Банктің www.hcsbk.kz интернет-ресурсында орналасқан.
Бұл туралы бөлісіңіз:

Дауыстық көмекші

сайтта дауыстық көмекшісі бар
мәтінді таңдап дыбыс деңгейі түймесін басу керек

ХОТИТЕ УЗНАВАТЬ О НАШИХ АКЦИЯХ ПЕРВЫМИ?!

Қоңырауға тапсырыс беру