Шрифт көлемі:
Сайттың түсі:
Тараз қаласында «Нұрлы жол» Бағдарлама бойынша іріктеудің басталуы туралы

Тараз қаласында «Нұрлы жол» Бағдарлама бойынша іріктеудің басталуы туралы

11 января 2018
Құрметті салымшылар!

«Қазақстанның тұрғын үй құрылыс жинақ банкі» АҚ (әрі қарай - Банк) Нысан құрылысының аяқталуына байланысты іріктеуден өту қажеттілігі (төлемқабілеттілігін бағалау) туралы хабарлайды.

Нысан: «Тараз қаласы, «Арай» алқабында орналасқан 80-пәтерлі тұрғын үй, № 3 жер телімі, № 4-ші белгі», нысан коды 375.
Құрылыстың жоспарлы аяқталу мерзімі: 2017 жылдың мамыр айы
Тұрғын үйдің 1 шаршы метрінің бағасы : 116 000 теңге «таза» әрлеуде.
Жайлылық класы: ІІІ
Пәтер саны: 5 (бес),
Пәтер түрі: 1-1: 5 пәтер, максималды көлемі 50.84 кв.м.;
Қатысу үшін өтініштерді (дауыс беру) қабылдау мерзімі: 2018 ж. 6 қаңтардан бастап 2018 ж. 31 қаңтарына дейін (қоса алғанда).
Баллдарды есептеу күні (үміткерлерді іріктеу) Нысан келісілген жағдайда: 1 ақпан 2018 жыл.
Іріктеу мерзімі (төлемқабілеттілігін бағалау): 2018 ж. 7-ші ақпаннан бастап 2018 ж. 20-шы ақпанға дейін (қоса алғанда).
Тұрғын үй тандау кезеңі: 2018 ж. 7-ші ақпаннан бастап 2018 ж. 28-ші ақпанға дейін (қоса алғанда).
Тұрғын үйді бөлу күні: 2018 жылғы 1-ші наурыз.
Өтінішті Банктің www.hcsbk.kz, pn.hcsbk.kz интернет-ресурсындағы «Жеке кабинетте/Интернет-банкте» беруге болады. Өтініш беру күні және уақыты өтініш берушінің иеленген баллдары мен кезектілігіне әсер етпейді.
Өтініштер Банк салымшыларынан ғана қабылданады.
Толығырақ өтініш берушілерге қойылатын біліктілік талаптарымен танысу, құрылыс нысанының сипаттамасымен, соның ішінде ғимарат қасбетін және пәтерлердің жоспарлануын Банктің www.hcsbk.kz, pn.hcsbk.kz интернет-ресурсында "Қолжетімді тұрғын үй" бөлімінде көруге болады.

Бөлу тәртібі Банктің www.hcsbk.kz интернет-ресурсында көрсетілген.
Іріктеу үшін құжаттар тізімі (төлемқабілеттілігін бағалау) Банктің www.hcsbk.kz интернет-ресурсында көрсетілген.
Бұл туралы бөлісіңіз:

ХОТИТЕ УЗНАВАТЬ О НАШИХ АКЦИЯХ ПЕРВЫМИ?!

Қоңырауға тапсырыс беру