Шрифт көлемі:
Сайттың түсі:
Дауыстық көмекші
Тараз қ. тұрғын үй құрылысы бойынша ЖАО-мен ынтымақтастық туралы келісімшарт жасалғандығы туралы

Тараз қ. тұрғын үй құрылысы бойынша ЖАО-мен ынтымақтастық туралы келісімшарт жасалғандығы туралы

15 июня 2015

Құрметті салымшылар!

«Қазақстанның тұрғын үй құрылыс жинақ банкі» АҚ Өңірлерді дамытудың 2020 жылға дейінгі бағдарламасы аясында Тараз қаласы, 14 га «Арай» алқабы тұрғын үй кешені, №3 жер телімі, 3-ші белгісінде орналасқан көп пәтерлі тұрғын үй құрылысын бастауға «Жамбыл облысы Әкімі аппараты» коммуналды мемлекеттік мекемесімен Ынтымақтастық туралы келісіміне қол қойылғандығы туралы хабарлайды. Пәтер саны - 80, 1 ш.м. бағасы 116 000 теңге.

Құрылыстың аяқталу мерзімі: 2016 жылдың 4 тоқсаны.

Жалға алушылар және сатып алушылар пулына өтініштерді қабылдау уақыты шамамен 2016 жылдың 3 тамызынан 3 қазанына дейінгі аралықта өтеді. 

Тұрғын үй құрылыс жинақ жүйесі арқылы тұрғын үй сатып алушылар мен жалға алушылар пулдарын құру тәртібімен және құрылыс объектісінің сипаттамасымен, сондай-ақ, ғимарат қасбеті мен пәтерлер жоспарымен Жамбыл облысы, Тараз қаласы, Жамбыл даңғылы, 9Б мекенжайында орналасқан Банктің филиалында немесе Банктің www.hcsbk.kz Интернет-ресурсында көруге болады.

Бұл туралы бөлісіңіз:

Дауыстық көмекші

сайтта дауыстық көмекшісі бар
мәтінді таңдап дыбыс деңгейі түймесін басу керек

ХОТИТЕ УЗНАВАТЬ О НАШИХ АКЦИЯХ ПЕРВЫМИ?!

Қоңырауға тапсырыс беру