Интернет-банк

baspana.kz

Консультанттар

Тараз қаласында «Нұрлы жол» бағдарламасы бойынша іріктеудің басталуы туралы

Тараз қаласында «Нұрлы жол» бағдарламасы бойынша іріктеудің басталуы туралы

26 Июня 2017
Құрметті салымшылар!

«Қазақстанның тұрғын үй құрылыс жинақ банкі» АҚ Нысан құрылысының аяқталуына байланысты іріктеуден өту қажеттілігі (төлемқабілеттілігін бағалау) туралы хабарлайды.

Нысан: «Тараз қаласы, «Арай» алқабында орналасқан 80-пәтерлі тұрғын үй, № 5 жер телімі, № 2-ші белгі», нысан коды 373.
Тұрғын үйдің 1 шаршы метрінің бағасы : «таза» әрлеуде 116 000 теңге.
Пәтер саны: 80 (сексен), оның ішінде:
Пәтер түрі: 1-1, 1-бөлмелі 5 пәтер, максималды көлемі – 50,84 ш.м.,
Пәтер түрі: 2-1, 2-2, 2-3, 2-4, 2-бөлмелі 25 пәтер, минималды көлемі – 58,22 ш.м., максималды көлемі – 62,85 ш.м.,
Пәтер түрі: 2-1, 2-2, 2-бөлмелі 10 пәтер, минималды көлемі – 73,05 ш.м., максималды көлемі – 73,40 ш.м.,
Пәтер түрі: 2-5, 2-бөлмелі 5 пәтер, максималды көлемі – 83,42 ш.м.,
Пәтер түрі: 3-3, 3-бөлмелі 5 пәтер, максималды көлемі – 82,87 ш.м.,
Пәтер түрі: 3-1, 3-2, 3-бөлмелі 15 пәтер, минималды көлемі – 87,03 ш.м., максималды көлемі – 91,66 ш.м.,
Пәтер түрі: 3-1, 3-3, 3-бөлмелі 10 пәтер, минималды көлемі – 95,44 ш.м., максималды көлемі – 95,51 ш.м.,
Пәтер түрі: 4-1, 4-бөлмелі 5 пәтер, максималды көлемі – 110,69 ш.м.

Іріктеу мерзімі (төлемқабілеттілігін бағалау): 2017 жылдың 28-ші маусымынан бастап 2017 жылдың 27-ші шілдесіне дейін (қосымша).
Тұрғын үй тандау кезеңі: 2017 жылдың 28-ші маусымынан бастап 2017 жылдың 3-ші тамызына дейін (қосымша).
Тұрғын үйді бөлу күні: 2017 жылғы 4-ші тамыз.
Ғимарат қасбетінің суреттерін және пәтерлердің жоспарлануын Банктің www.hcsbk.kz интернет-ресурсында көруге болады.
Бөлу тәртібі Банктің www.hcsbk.kz интернет-ресурсында көрсетілген.
Іріктеу үшін құжаттар тізімі (төлемқабілеттілігін бағалау) Банктің www.hcsbk.kz интернет-ресурсында көрсетілген.
Іріктеуден өту үшін өтініш берушілер тізімі Банктің www.hcsbk.kz интернет-ресурсында көрсетілген.
Іріктеу мерзімінің өтіп кеткен жағдайда Банк Іріктеу үшін құжаттарды қабылдамайды.
Ваш город Алматы?
Да
Нет

ХОТИТЕ УЗНАВАТЬ О НАШИХ АКЦИЯХ ПЕРВЫМИ?!

Қоңырауға тапсырыс беру

Сізбен 30 минуттан кейін хабарласады*
*жұмыс кестесі: жұмыс күндері -
09:00-ден 19:00-ге дейін,
сенбі: 10:00-ден 14:00-ге дейін,
демалыс және мереке күндері - демалыс