Интернет-банк

baspana.kz

Консультанттар

Бөлімшелер мен терминалдар

Регион

Талғар қаласында «Нұрлы жер» Бағдарламасы бойынша дауыс беру басталғаны туралы

Талғар қаласында «Нұрлы жер» Бағдарламасы бойынша дауыс беру басталғаны туралы

7 Августа 2018
Құрметті салымшылар!
«Қазақстанның тұрғын үй құрылыс жинақ банкі» АҚ «Тұрғын үй құрылыс жинақ жүйесі арқылы несиелік тұрғын үй салу» бағыты бойынша «Нұрлы жер» Бағдарламасына қатысуға өтініштерді қабылдау арқылы тұрғын үй құрылыс жобаларын жүзеге асыру үшін дауыс беру туралы хабарлайды.
Нысан: «5­қабатты 60­пәтерлі несиелік тұрғын үй», Алматы облысы, Талғар ауданы, Талғар қаласында орналасқан.
Құрылыстың аяқталу мерзімі: 30.09.2018.
Тұрғын үйдің 1 ш.м. бағасы: «таза» әрлеуде 140 000 теңге.
Жайлылық класы: 3
Пәтер саны: 60,
Пәтер түрі: 1, 1­бөлмелі: 20 пәтер, максималды көлемі 47,10 ш.м.
Пәтер түрі: 2, 2­бөлмелі: 20 пәтер, максималды көлемі 59,12 ш.м.
Пәтер түрі: 3, 3­бөлмелі: 20 пәтер, максималды көлемі 75,84 ш.м.
Қатысу үшін өтініштер қабылдау мерзімі: 08.08.2018 бастап 26.08.2018 дейін (қоса алғанда).
Баллдарды есептеу күні (Үміткерлерді таңдау): 27.08.2018
Өтінішті Банктің www.baspana.kz интернет­ресурсында беруге болады. Өтінішті берген күн мен уақыты өтініш берушінің иеленген баллдары мен кезектілігіне әсер етпейді.
Өтініштер Банк салымшыларынан ғана қабылданады.
«Нұрлы жер» Бағдарламасына қатысуға өтініш беру арқылы Банк салымшылары Объектіге және оның әрі қарай жүзеге асырылуына дауыс береді.
Объектіде тұрғын үйдің кемінде 50% ЖАО кезекте тұрған азаматтар арасында таратылады.
Қатысуға өтініш берген немесе біліктіліктен өткен, ЖАО кезекте тұрған азаматтар саны жеткіліксіз болған жағдайда, тұрғын үй Банк салымшылары қатарынан басқа өтініш берушілер арасында таратылады.
Өтініш берушілерге қойылатын талаптармен, Құрылыс нысанының сипаттамасымен, соның ішінде ғимарат қасбетін және пәтерлердің жоспарлануын Банктің www.baspana.kz интернет ресурсында «Қолжетімді тұрғын үй» бөлімінде егжей-тегжейлі танысып, көруге болады.
Қосымша сұрақтар туындаған жағдайда, Банктің Колл­орталығына 300 (ұялы телефон арқылы тегін) номері бойынша хабарласуыңызды сұраймыз


Ваш город Алматы?
Да
Нет

ХОТИТЕ УЗНАВАТЬ О НАШИХ АКЦИЯХ ПЕРВЫМИ?!