Шрифт көлемі:
Сайттың түсі:
Дауыстық көмекші
ҚТҚЖБ филиалдарының 2015 жылғы 31 желтоқсаннан бастап 2016 жылғы 5 қаңтарға дейінгі жұмыс тәртібі

ҚТҚЖБ филиалдарының 2015 жылғы 31 желтоқсаннан бастап 2016 жылғы 5 қаңтарға дейінгі жұмыс тәртібі

10 декабря 2015

«Қазақстанның тұрғын үй құрылыс жинақ банкі» АҚ Сіздердің назарларыңызға филиалдардың 2015 жылғы 31 желтоқсаннан бастап 2016 жылғы 5 қаңтарға дейінгі жұмыс тәртібін ұсынады: 

2015 ж. 31 желтоқсанды қоса алғанда Банк филиалдары мынадай операцияларды жүргізеді:
•    тұрғын үй құрылыс жинақ шарттарын жасау және бұзу;
•    тұрғын үй құрылыс жинақ шартының талаптарына өзгертулер енгізу;
•    жасалған тұрғын үй құрылыс жинақ шарттары бойынша құқықтар мен міндеттемелерді беру, шарттарды біріктіру, бөлу жайлы қосымша келісімдер жасау;
•    заемдар беру, ақша беру және мемлекеттік, салалық, өңірлік тұрғын үй құрылыс бағдарламалары шеңберінде заем беру бойынша ақша аударуды қоспағанда, ақша аудару.

2015 ж. 31 желтоқсанда Банк филиалдары мынадай операцияларды жүргізеді (астана уақытымен сағат 13-00 дейін):
•    мемлекеттік, салалық, өңірлік тұрғын үй құрылыс бағдарламалары шеңберінде заем беру бойынша ақша аудару;
•    заемдарды өтеу және салымға жарна қабылдау шоттарына кассалар мен төлем терминалдары арқылы ақша қабылдау*.

* Заемдарды өтеу және салымға жарна салу бойынша Банк серіктестерінің төлем жүйелері арқылы 2015 жылғы 31 желтоқсанда сағат 13-00 кейін жүргізілген төлемдер 2016 жылғы 5 қаңтарда есепке алынатын болады. 

2016 ж. 5 қаңтардан бастап Банк филиалдары мынадай операцияларды жүргізеді:
•    заемдарды өтеу және салымға жарна қабылдау шоттарына кассалар мен төлем терминалдары арқылы ақша қабылдау;
•    тұрғын үй құрылыс жинақ шарттарын жасау және бұзу;
•    заемдар беру, ақша беру және аудару.

2016 ж. 5 қаңтардан бастап салымшылардың жинақ шоттарына 2015 жыл үшін мемлекеттік сыйлықақы сомалары нақты есептелген сәтке дейін Банк филиалдары тұрғын үй құрылыс жинақ шартының талаптарын өзгертуге (құқықтар мен міндеттемелерді беру, шарттарды біріктіру, бөлу) өтініштерді қабылдамайды.  

Барлық басқа да сұрақтар бойынша тегін 300 нөміріне қоңырау шалуды өтінеміз. 

 

Бұл туралы бөлісіңіз:

Дауыстық көмекші

сайтта дауыстық көмекшісі бар
мәтінді таңдап дыбыс деңгейі түймесін басу керек

ХОТИТЕ УЗНАВАТЬ О НАШИХ АКЦИЯХ ПЕРВЫМИ?!

Қоңырауға тапсырыс беру