Құрметті, салымшылар!
«Қазақстанның тұрғын үй құрылыс жинақ банкі» АҚ (бұдан әрі-Банк) тұрғын үйлерді Тұрғын үй-коммуналдық дамудың 2020-2025 жылдарға арналған "Нұрлы жер" мемлекеттік бағдарламасының "ЖАО-ның әлеуметтік кредиттік тұрғын үйін өткізу" бағыты бойынша пул қалыптастырусыз өткізетіні туралы хабарлайды. Нысан: «Өскемен қаласының 19 тұрғын үй ауданының төртінші орамындағы бес қабатты тұрғын үй құрылысы инженерлік желілерімен». Тұрғын үй 90 ұстаным, орналасқан мекенжайы: Шығыс Қазақстан облысы, Өскемен қаласы, 19 тұрғын ауданы.
Тұрғын үй-коммуналдық дамудың 2020-2025 жылдарға арналған "Нұрлы жер" мемлекеттік бағдарламасына пул қалыптастырусыз қатысуға арналған өтініштерді қабылдау мерзімі: 26.01.2021 жылдан бастап 15.02.2021 жылға дейін.
Іріктеу (төлемқабілеттілігін бағалау) мерзімі: тұрғын үйді брондаған сәттен бастап 5 (бес) жұмыс күні.
Өтініш беру Банктің baspana.kz интернет-ресурсында жүзеге асырылады.
Өтініш берушілерге қойылатын талаптармен, құрылыс нысанының сипаттамасымен, оның ішінде, ғимарат қасбеттерінің фотосуреттерін және тұрғын үйдің жоспарлануын Банктің www.hcsbk.kz интернет-ресурсындағы "Қолжетімді баспана" бөлімінде және/немесе Банктің baspana.kz интернет-ресурсынан толығырақ танысуға болады.
Өтініш тек қана Банк салымшыларынан қабылданады.
ХОТИТЕ УЗНАВАТЬ О НАШИХ АКЦИЯХ ПЕРВЫМИ?!