Тұрғын үйдің техникалық сипаттамаларының өзгергені туралы хабарландыру | Нысан: Қостанай қаласы, "Аэропорт" шағын ауданында орналасқан №39-39/1-40 көппәтерлі тұрғын үй.
Нашар көретіндерге арналған нұсқа
Тұрғын үйдің техникалық сипаттамаларының өзгергені туралы хабарландыру

Тұрғын үйдің техникалық сипаттамаларының өзгергені туралы хабарландыру

18 ақпан 2020
Құрметті салымшылар!

2019 жылғы 15 шілдеден бастап 08 тамызға дейінгі кезеңде «Қостанай қаласы, Әуежай ықшам ауданында орналасқан №39-39/1-40 көппәтерлі тұрғын үй» нысаны бойынша (әрі қарай-Нысан) «Кредиттік тұрғын үй құрылысы» бағыты бойынша «Нұрлы жер» мемлекеттік бағдарламасына қатысуға (әрі қарай-Бағдарлама) өтініштер қабылдау арқылы тұрғын үй құрылысы жобасын іске асыру үшін салымшылардың дауыс беруі өткізілді.

Салымшылардың дауыс беруінің нәтижесі бойынша (салымшылардың өтініштерін қабылдау) Нысан келісілді деп танылды және Банк салымшыларына Нысаннан тұрғын үй берілу мүмкіндігі анықталды.

Банкке ЖАО келіп түскен хатқа сай, тұрғын үйдің техникалық сипаттамалары өзгертілді. Заңды мекен-жайы бекітілді: «Аэропорт шағын ауданындағы №39 үй».

Салымшылар осы өзгертулермен келіспеген жағдайда, Банкке хабарласу арқылы Бағдарламаға қатысуға берген өтініштерін жойып тастай алады.
Сонымен қатар, егер осы хабарландыру Банктің интернет-ресурсына орналастырылған күннен бастап 30 (отыз) күнтізбелік күні ішінде салымшыдан өтінішті жою туралы өтініш келіп түспесе, онда Банк осы өзгертулерге салымшы келісімін берді деп есептейтін болады. Бағдарламаға қатысуды жалғастыруға ниетті салымшыларға Банк тұрғын үй өткізуді бағдарлама тәртібінде және талаптарында жалғастырады.

Осы нысанға дауыс берген және Бағдарламаға қатысуға өтініштерін жойған Банк салымшылары Банк іске асыратын басқа да тұрғын үй құрылыс нысандарының өткізілуіне дауыс беруге қатыса алады.

Өткізілуі жоспарланып отыратын Нысандар бойынша жаңалықтарды Банктің www.hcsbk.kz, baspana.kz интернет-ресурсынан бақылап отыруларыңызды сұраймыз.
Сұрақтарыңыз туындаған жағдайда, Банктің Байланыс-орталығына 300 нөмірі бойынша (ұялы байланыстан тегін) хабарласуыңызды сұраймыз.

Бұл туралы бөлісіңіз:

ХОТИТЕ УЗНАВАТЬ О НАШИХ АКЦИЯХ ПЕРВЫМИ?!

Қоңырауға тапсырыс беру