«Тұрғын үй құрылыс жинақ жүйесі арқылы несиелік тұрғын үй салу» бығыты бойынша «Нұрлы жер» Бағдарламасына қатысуға өтініштерді қабылдау арқылы келісуді бастау туралы хабарландыр

«Тұрғын үй құрылыс жинақ жүйесі арқылы несиелік тұрғын үй салу» бығыты бойынша «Нұрлы жер» Бағдарламасына қатысуға өтініштерді қабылдау арқылы келісуді бастау туралы хабарландыр

23 июля 2021

Құрметті салымшылар!

«Отбасы банк» АҚ (әрі қарай – Банк) «Тұрғын үй құрылыс жинақ жүйесі арқылы несиелік тұрғын үй салу» бағыты бойынша «Нұрлы жер» Бағдарламасына қатысуға өтініштерді қабылдау арқылы тұрғын үй құрылыс жобаларын жүзеге асыру үшін дауыс беру туралы хабарлайды (әрі қарай – ЖАО) (әрі қарай – Бағдарлама).
Нысан: Костанай қ., "Қонай" ш.а. 85-ші кварталында, №2 тұрғын үй, нысан коды 1680, Қостанай облысы, Костанай қ., "Қонай" ш.а. 85-ші кварталында, №2 тұрғын үй мекен-жайы бойынша орналасқан.

Құрылыстың жоспарланған аяқталу мерзімі: 30.08.2021 ж. Тұрғын үйдің 1 ш.м. бағасы: 140 000 «таза» әрлеудегі теңге.
Жайлылық класы: 4.

Пәтер саны: 45,
Пәтер түрі 1, 1-­бөлмелі: 15 пәтер, ең жоғарғы ауданы 43,24 ш.м.
Пәтер түрі 2, 2-­бөлмелі: 15 пәтер, ең жоғарғы ауданы 60,24 ш.м.
Пәтер түрі 3, 3-­бөлмелі: 15 пәтер, ең жоғарғы ауданы 79,61 ш.м.

Қатысу үшін өтініштер қабылдау мерзімі: 18.10.2021 ж. бастап 16.11.2021 ж. дейін (қоса алғанда).
Баллдарды есептеу күні (Үміткерлерді таңдау): 17.11.2021 ж.

Нұрлы жер» Бағдарламасына өтінімдерді қабылдау үшін, тұрғын үй құнының 10% -ынан кем емес мөлшерінде жинақ шотында тұрғын үй құрылысы жинақ ақшасы болуы тиіс. 

Өтінішті Банктің www.baspana.kz интернет-ресурсында беруге болады. Өтінішті берген күн мен уақыты өтініш берушінің иеленген баллдары мен кезектілігіне әсер етпейді.

Өтініштер Банк салымшыларынан ғана қабылданады.

«Нұрлы жер» Бағдарламасына қатысуға өтініш беру арқылы Банк салымшылары Объектіге және оның әрі қарай жүзеге асырылуына дауыс береді.

Объектіде тұрғын үйдің кемінде 50% ЖАО кезекте тұрған азаматтар арасында таратылады.

Қатысуға өтініш берген немесе біліктіліктен өткен, ЖАО кезекте тұрған азаматтар саны жеткіліксіз болған жағдайда, тұрғын үй Банк салымшылары қатарынан басқа өтініш берушілер арасында таратылады.

Өтініш берушілерге қойылатын талаптармен, Құрылыс нысанының сипаттамасымен, соның ішінде ғимарат қасбетін және пәтерлердің жоспарлануын Банктің www.baspana.kz және/немесе www.hcsbk.kz интернет ресурсында «Қолжетімді тұрғын үй» бөлімінде егжей-тегжейлі танысып, көруге болады.

Қосымша сұрақтар туындаған жағдайда, Банктің Колл-орталығына 300 (ұялы телефон арқылы тегін) нөмері бойынша хабарласуыңызды сұраймыз.

Бұл туралы бөлісіңіз:

ХОТИТЕ УЗНАВАТЬ О НАШИХ АКЦИЯХ ПЕРВЫМИ?!

Қоңырауға тапсырыс беру