Қазақстанның Отбасы банкі жаңалықтары
Нашар көретіндерге арналған нұсқа
Тұрғын үй құрылыс жинақ банкі «Қолжетімді тұрғын үй–2020» бағдарламасы аясында 60 миллиардқа жуық теңгені бюджетке мерзімінен бұрын қайтарды

Тұрғын үй құрылыс жинақ банкі «Қолжетімді тұрғын үй–2020» бағдарламасы аясында 60 миллиардқа жуық теңгені бюджетке мерзімінен бұрын қайтарды

26 ақпан 2015

«Бәйтерек» ҰБХ-ның еншілес компаниясы – «Қазақстанның тұрғын үй құрылыс жинақ банкі» АҚ биыл «2020 жылға дейін өңірлерді дамыту» – «Қолжетімді тұрғын үй–2020» бғдарламасы бойынша өз бағытын толық көлемде іске асырмақ. Банктің баспасөз қызметі хабарлауынша, салынып жатқан нысандарды қаржыландыру толық сақталатын болады. ҚТҚЖБ «Жас отбасыға арналған тұрғын үй» және «Халықтың барлық санатына арналған тұрғын үй» атты екі бағытын әрі қарай да жүзеге асыра береді.  

Бірінші санат бойынша 2 164 пәтер пайдалануға берілсе, ал екінші санат бойынша Банктің 5 923 салымшысы пәтер алды. Биыл жалпы ауданы 540 мың шаршы метр болатын тұрғын үйлер  пайдалануға беру жоспарланып отыр (тұрғын үйді пайдалануға берудің жылдық жоспары – 300 мың шаршы м.). Қолжетімді тұрғын үйлердің бір шаршы метрінің бағасы бұрынғы күйінде қалады.   

2014 жылы Банк «Қолжетімді тұрғын үй–2020» бағдарламасын жүзеге асыру қарқынын төмендеткен жоқ. Жыл қорытындысы бойынша, жалпы ауданы 429,3 мың шаршы метр болатын тұрғын үй немесе 7033 пәтер пайдалануға берілген. 

«Қолжетімді тұрғын үй – 2020» бағдарламасы аясында тұрғын үй құрылыс жинақ жүйесінің қаржысы тиімді пайдаланылып келеді. Бұл мемлекет бюджетіне түсетін салмақты азайтады. Мәселен, тұрғызылған үйлердің төлемі ретінде Тұрғын үй құрылыс жинақ банкі 2014 жылы жергілікті атқару органдарына 34 миллиард теңге аударды. Бағдарлама жүзеге аса бастағаннан бері, яғни 2012 жылдан бері өткен тұрғын үйлер үшін Банк әкімдіктерге 59,9 миллиард теңге аударды. 

Естеріңізге сала кетсек, «Қазақстанның тұрғын үй құрылыс жинақ банкі» АҚ –  «Бәйтерек» Ұлттық басқарушы холдингі» АҚ-ның еншілес компаниясы. Холдинг экономиканы дамыту және әртараптандыруға ықпал ету, инвестиция тарту, кластерлерді дамыту және оның еншілес ұйымдарында корпоративтік басқару жүйесін жетілдіру мақсатымен құрылған.   

 

Бұл туралы бөлісіңіз:
Сіз aлаяқтардан зардап шектіңіз бе?
Сізге алаяқтар телефон арқылы соқты, жалған сайтты не әлеуметтік желідегі аккаунты таптым
Сізден ақша алынған, Сіз кредит ресімдөдіңіз немесе алаяққа ақша аудардыңыз
Алаяқтардың әрекеттері *
Телефон арқылы байланысты
SMS немесе мессенджер арқылы хабрлама жазды
Жалған сайтты не әлеуметтік желідегі аккаунты таптым
Тіркелген файлдар
Файл көлемі 12 Мб-тан аспауы керек.Сіз 10 файлға дейін тіркей аласыз

ХОТИТЕ УЗНАВАТЬ О НАШИХ АКЦИЯХ ПЕРВЫМИ?!

Қоңырауға тапсырыс беру