Қазақстанның Отбасы банкі жаңалықтары
Нашар көретіндерге арналған нұсқа
Тұрғын үй құрылыс жинақ банкінің салымшылары банкке мемлекеттік деректер базаларынан алынатын анықтамаларды ұсынбауына болады

Тұрғын үй құрылыс жинақ банкінің салымшылары банкке мемлекеттік деректер базаларынан алынатын анықтамаларды ұсынбауына болады

31 шілде 2015

Бұл eGov.kz порталының «Үшінші тұлғалармен деректерді растау» жаңа сервисін іске қосу арқасында мүмкін болды. Сервис пилоттық тәртіпте Қазақстанның Тұрғын-үй құрылыс жинақ банкінде жүзеге асырылған. 

Несиелеуге өтініш берген кезде ҚТҚЖБ клиенттеріне мекенжай анықтамасын, жылжымайтын мүліктің бар немесе жоқ болуы және тіркелген құқық пен ауыртпалықтар туралы анықтамаларды және неке туралы мәліметтерді ұсынудың қажеті жоқ. Осы деректердің барлығын банктің өзі клиенттің растауымен ала алады. 
Растау тәсілдері әр түрлі болмақ. Сұрауды бір рет қолданатын пароль арқылы растау қарастырылған. Егер банк клиенті Мобильді азаматтар базасында тіркелген болса, онда банк деректерді алуға сұрау жіберген кезде клиентке пароль жазылған SMS-хабарлама келеді. Бұл парольды клиент банк қызметкеріне айтуы тиіс. Екінші тәсіл – eGov.kz порталының жеке кабинетіне келетін хабарландыру.  Бұл жағдайда клиент жеке кабинетте деректерді беруді растайды не растамайды. Тағы бір амалы — бұл SMS-растау.

Клиентке банк ол туралы белгілі бір мәліметтерді алғысы келетіні туралы хабарлама келеді. Бұған клиент «иә» немесе «жоқ» деп  жауап береді. Бұл хабарламалар «Мобильдік үкіметтің» SMS-шлюзі арқылы жіберіледі. Бір SMS-тың құны ұялы байланыс операторларының тарифтеріне сәйкес 7 теңгені құрайды. 
«Ұлттық ақпараттық технологиялар» АҚ басқарма төрағасы Руслан Еңсебаевтың айтуынша, сервисті жүзеге асыру мемлекеттік деректер қорларымен интеграциясы арқасында мүмкін болды. Аталған жұмыс ҚР ИДМ Байланыс, ақпараттандыру және ақпарат комитетімен, ҚР ӘМ, ҚР ІІМ бірлесіп атқарылды. «ҚР ІІМ көші-қон полициясы департаменті және ҚР ӘМ тіркеу қызметі мен заңды қызметтерді ұйымдастыру департаментінінің жұмысын ерекше атап өткім келеді. Бұл әрекеттестік арқасында енді азаматтарға ХҚКО барып немесе eGov порталында анықтамаларды алудың қажеті жоқ. Бұның барлығын және ЖСН мен неке туралы мәліметтерді банктің өзі клиенттің растауымен ала алады» - деп толықтырды Еңсебаев.

«Қазақстанның тұрғын үй құрылыс жинақ банкі» АҚ Басқарма төрағасы Айбатыр Жұмағұлов өз кезегінде «Банктің мемлекеттік деректер қорларымен ұқсас интеграциясы клиенттердің құжат тапсыруға уақытын үнемдеуге мүмкіндік береді. Сонымен қатар Банк қызметкерлерінің банк жүйесіне клиенттің дербес деректерін қате енгізу жағдайларын қысқартады» - деп қорытындылады. 

 

Бұл туралы бөлісіңіз:
Сіз aлаяқтардан зардап шектіңіз бе?
Сізге алаяқтар телефон арқылы соқты, жалған сайтты не әлеуметтік желідегі аккаунты таптым
Сізден ақша алынған, Сіз кредит ресімдөдіңіз немесе алаяққа ақша аудардыңыз
Алаяқтардың әрекеттері *
Телефон арқылы байланысты
SMS немесе мессенджер арқылы хабрлама жазды
Жалған сайтты не әлеуметтік желідегі аккаунты таптым
Тіркелген файлдар
Файл көлемі 12 Мб-тан аспауы керек.Сіз 10 файлға дейін тіркей аласыз

ХОТИТЕ УЗНАВАТЬ О НАШИХ АКЦИЯХ ПЕРВЫМИ?!

Қоңырауға тапсырыс беру