Қазақстанның Отбасы банкі жаңалықтары
Нашар көретіндерге арналған нұсқа
Тұрғын үй құрылыс жинақ банкі мен ШҚО әкімдігі азаматтарды әлеуметтік баспаналармен қамтамасыз ету бойынша бірлескен жұмыстар жөніндегі Меморандуға қол қойды

Тұрғын үй құрылыс жинақ банкі мен ШҚО әкімдігі азаматтарды әлеуметтік баспаналармен қамтамасыз ету бойынша бірлескен жұмыстар жөніндегі Меморандуға қол қойды

20 қаңтар 2015

Тұрғын үй құрылыс жинақ банкі мен Шығыс Қазақстан облысы әкімдігі Шығыс Қазақстан тұрғындарын қолжетімді тұрғын үймен қамтамасыз ету мақсатында тізе қосты.  

2015 жылғы 17 қаңтарда Өскемен қаласында облыс әкімі Даниал Ахметов, «Қазақстанның тұрғын үй құрылыс жинақ банкі» АҚ Басқарма Төрағасы Айбатыр Жұмағұлов және «Ертіс» ӘКК» ҰК» АҚ Басқарма Төрағасы Манарбек Сапарғалиев Шығыс Қазақтан облысында тұрғын үй құрылысын жүзеге асыру бойынша үшжақты Меморандумға қол қойды. 

Тараптар өңірде тұрғын үй құрылысын іске асыру,  тұрғын үй инфрақұрылымын дамыту, сондай-ақ, облыс тұрғындарын сапалы әлеуметтік баспанамен қамтамасыз ету мәселелеріне қызығушылық танытты.   

Эконом-класстағы үйлердің құрылысын қаржыландыру құрылыс салушының, облыстық бюджет қаражаты есебінен, сонымен қатар,  мемлекеттік-жекеменшік серіктестік қағидаты бойынша жүзеге асырылмақ.

Тұрғын үй құрылысына қажетті жер телімін ұсыну, оны инженерлік инфрақұрылымдармен қамтамасыз ету, жобалық-сметалық құжаттардың әзірленуін және түзетілуін бақылау әкімдік тарапынан жүргізілмек.  Тұрғын үй құрылысына тапсырыс беруші және ұйымдастырушы ретінде «Ертіс» Әлеуметтік-кәсіпкерлік корпорациясы» Ұлттық компаниясы» АҚ іске кіріспек.  

Тұрғын үй құрылыс жинақ банкі, өз кезегінде, азаматтардың тұрғын үй құрылыс жинақ қаражаттары есебінен құрылысы аяқталған шаршы метрлерлерді сатып, тұрғын үйлерді сатып алушылар пулын жасақтайды. Сонымен қатар, Банк құрылыс салушыларды одан әрі несиелендіру үшін екінші дәрежелі банктерде шарттасылған депозиттер деңгейін орналастыру арқылы құрылысты қаржыландыруға ниет білдіруде. Осылайша, құрылыс компаниялары төменгі мөлшерлемелермен несие алу мүмкіндігіне қол жеткізбек. Бұл, өз кезегінде, өңірдегі құрылыс саласының дамуына серпін бермек. 

Мәлімет үшін. Бағдарлама жүзеге асырылғаннан бері Шығыс Қазақстан облысында «Қолжетімді тұрғын үй – 2020» бағдарламасы шеңберінде «Халықтың барлық санатына арналған тұрғын үй» бағыты бойынша жалпы ауданы 110 мың шаршы метрлік 1 810 пәтерлі 25 тұрғын үй құрылысын іске асыру және сату жөніндегі ынтымақтастық туралы келісімдерге қол қойылды.  

Бүгінгі күні жалпы ауданы 59 мың шаршы метр болатын 949 пәтерлі 15 тұрғын үй пайдалануға берілді. Қол қойылған ынтымақтастық туралы келісімге сәйкес, ауданы 59 мың шаршы метр болатын 949 пәтерлі 10 тұрғын үйді пайдалануға беру жоспарланып отыр. Бұған 5 378 млн. теңге жұмсалмақ. 
Бағдарлама қолға алынғалы бері ШҚО әкімдігіне сатып алынған пәтерлер үшін 4 306 млн. теңге аударылды. 2015 жылдың алғашқы жарты жылдығында  811 млн. теңге аудару жоспарланып отыр.  

«Жас отбасыға арналған тұрғын үй» бағыты бойынша жалпы ауданы 32,4  мың шаршы метр болатын 542 пәтерлі 7 тұрғын үй құрылысын салу және оны өткізу жөнінде ынтымақтастық туралы келісімге қол қойылды. 2013 жылы жалпы ауданы 6,4  мың шаршы метр болатын 107 пәтерлі 2 тұрғын үй пайдалануға берілді. 

Естеріңізге сала кетсек, «Қазақстанның тұрғын үй құрылыс жинақ банкі» АҚ «Бәйтерек» Ұлттық басқарушы холдинг» АҚ-ның еншілес компаниясы болып табылады.  Холдингті құрудағы мақсат – экономиканы дамыту  мен әртараптандыруға, инвестицияларды тартуға, кластерлерді дамытуға және оның еншілес ұйымдарында корпоративті басқару жүйесін жетілдіруге ықпалдастық жасау. 

 

Бұл туралы бөлісіңіз:
Сіз aлаяқтардан зардап шектіңіз бе?
Сізге алаяқтар телефон арқылы соқты, жалған сайтты не әлеуметтік желідегі аккаунты таптым
Сізден ақша алынған, Сіз кредит ресімдөдіңіз немесе алаяққа ақша аудардыңыз
Алаяқтардың әрекеттері *
Телефон арқылы байланысты
SMS немесе мессенджер арқылы хабрлама жазды
Жалған сайтты не әлеуметтік желідегі аккаунты таптым
Тіркелген файлдар
Файл көлемі 12 Мб-тан аспауы керек.Сіз 10 файлға дейін тіркей аласыз

ХОТИТЕ УЗНАВАТЬ О НАШИХ АКЦИЯХ ПЕРВЫМИ?!

Қоңырауға тапсырыс беру