Қазақстанның Отбасы банкі жаңалықтары
Нашар көретіндерге арналған нұсқа
Тұрғын үй құрылыс жинақ банкі Германияның ең ірі құрылыс жинақ кассасымен ынтымақтастық туралы келісім жасады

Тұрғын үй құрылыс жинақ банкі Германияның ең ірі құрылыс жинақ кассасымен ынтымақтастық туралы келісім жасады

29 шілде 2015

«Бәйтерек» Ұлттық Басқарушы Холдингінің еншілес ұйымы, еліміздегі тұрғын үй құрылыс жинақ  жүйесін жүзеге асыратын жалғыз қаржы институты – «Қазақстанның тұрғын үй құрылыс жинақ банкі» АҚ   германиялық серіктесі Баушпаркассе Швебишь Халльмен ынтымақтастық туралы меморандумға қол қойды. Осы екі ірі банктің арасындағы бұл келісім екі жаққа да тиімді тәжірибе алмасуға және еліміздегі тұрғын үй құрылыс жинақ жүйесінің дамуына игі ықпал етпек. 
–     Холдингтің миссиясы – еліміздегі шикізаттық емес салаларды қолдау, тұрақты дамуды қамтамасыз ету, ұлттық экономиканы әртараптандыру, инвестиция тарту, кластерлерді дамыту және өзінің еншілес ұйымдарында корпоративтік басқару жүйесін жетілдіру. Тұрғын үй құрылыс жинақ банкі тұрғын үй сатып алуға қазақстандықтардың бәріне бірдей мүмкіндік беріп отыр. Банктің осы негізгі жұмысына Жалғыз Акционер жан-жақты қолдау көрсетіп келеді, – деді «Бәйтерек» Холдингінің Төрағасының орынбасары Алина Алдамберген неміс әріптестерімен кездесуінде,  –  Мемлекет басшысы ұдайы жетілдіріп отырудың, ең жақсы халықаралық тәжірибені алып, Қазақстанға енгізудің, тәжірибесі мол менеджерлермен ынтымақтастық жасаудың қажеттілігі жайында бірнеше мәрте қадап айтты. Стратегиялық және әлеуметтік міндеттерді шешу үшін, біз осы жолды таңдап алдық, – деді нықтап А.Алдамберген.
Тұрғын үй құрылыс жинақ банкі үшін Баушпаркассе Швебишь Халльдің тәжірибесі аса маңызды. Өйткені,   Еуропалық құрылыс жинақ кассасының 80 жылдық тәжірибесі бар. Осы уақыттан бері тұрғын үй құрылыс жинақ жүйесін ілгері дамытты. Бұл жүйе Германияға ең маңызды әлеуметтік мәселе -  азаматтарды баспанамен қамтамасыз ету мәселесін шешуге жәрдемдесіп келеді. Сонымен қатар, өзінің тұрақтылығын бірнеше мәрте нақты дәлелдеп берген. Инфляция және дағдарыс кезінде де қайраңдап қалмай, керісінше, ширыға, ысыла түсті. 
Қазір Баушпаркассе Швебишь Халльдің Германиядағы кредит беру нарығындағы үлесі 30%-ға жеткен. Құрылыс жинақ кассасының шарттық сомасы 274 миллиард евро болатын 7,4 миллион салымшысы бар. Жыл сайын 13 миллиард евроға тұрғын үй сатып алуды қаржыландырады. Бұл касса Германия азаматтарына бүгінге күнге дейін 300 млрд. еуроға жуық  қарыз берген. Бұл қомақты қаражат 8,6 млн. пәтер мен үйді сатып алуға, жөндеуге және құрылыс салуға жұмсалған. Бүгінде Германияда ескі үйлерді жаңғырту өзекті мәселе болып отыр. Сондықтан жаңа пәтер сатып алудан гөрі, осы мақсатқа көп қарыз алынатын көрінеді. 
Қазақстан осы жүйені жүзеге асыруда Еуропаның тәжірибесін алған посткеңестік кеңістегі алғашқы мемлекет болды. Тұрғын үй құрылыс жинақ банкі жұмыс жасаған 12 жыл ішінде жүйеден бірде бір кілтипан көрінген жоқ. Осы уақыт ішінде Банк салымшыларының саны 760 000 мыңнан асып жығылды. Сауалнама қорытындысы бойынша, былтыр ҚТҚЖБ-ға деген сенім дәрежесі 80%-ды көрсетіп берді. 

Тұрғын үй құрылыс жинақ банкі ашылғалы бері 401 434 млн. теңгеге, 92 мың салымшыға тұрғын үй мәселесін шешуге қолғабысын тигізген.  
 2015 жылдың 1 шілдесіндегі дерек бойынша, Банк екінші деңгейлі банктер арасында ұзақ мерзімді салымдар бойынша бірінші орында тұр. Клиенттерінің депозиттік базасы – 272,7 миллиард теңге. 
5 айдың қорытындысы бойынша, екінші деңгейлі банктердің құрылысқа және тұрғын үй алуға берген кредит нарығындағы ҚТҚЖБ-нің үлесі  75%-ға жетті ( 2014 жылы - 33%).
Қазақ және неміс әріптестері арасындағы меморандум тұрғын үй құрылыс жинақ  жүйесін әрі қарай жетілдіре түсуге жаңа мүмкіндік бермек. 


Ынтымақтастық туралы меморандумға қол қойғандар:

«Қазақстанның тұрғын үй құрылыс жинақ банкі» АҚ тарапынан 
1.    Айбатыр Жұмағұлов – «Қазақстанның тұрғын үй құрылыс жинақ банкі» АҚ Басқарма Төрағасы
2. Ербол Қарашүкеев - «Қазақстанның тұрғын үй құрылыс жинақ банкі» АҚ Басқарма Төрағасының орынбасары
Баушпаркассе Швебишь Халль тарапынан
1.Райнхард Кляйн - Баушпаркассе Швебишь Халль Басқарма Төрағасы
2. Юрген Гислер - Баушпаркассе Швебишь Халль Басқарма мүшесі.

Бұл туралы бөлісіңіз:
Сіз aлаяқтардан зардап шектіңіз бе?
Сізге алаяқтар телефон арқылы соқты, жалған сайтты не әлеуметтік желідегі аккаунты таптым
Сізден ақша алынған, Сіз кредит ресімдөдіңіз немесе алаяққа ақша аудардыңыз
Алаяқтардың әрекеттері *
Телефон арқылы байланысты
SMS немесе мессенджер арқылы хабрлама жазды
Жалған сайтты не әлеуметтік желідегі аккаунты таптым
Тіркелген файлдар
Файл көлемі 12 Мб-тан аспауы керек.Сіз 10 файлға дейін тіркей аласыз

ХОТИТЕ УЗНАВАТЬ О НАШИХ АКЦИЯХ ПЕРВЫМИ?!

Қоңырауға тапсырыс беру