Шрифт көлемі:
Сайттың түсі:
Дауыстық көмекші
Тұрғын үй-коммуналдық инфрақұрылымды дамытудың 2026 жылға дейінгі тұжырымдамасы шеңберінде тікелей сату арқылы тұрғын үйді сату туралы хабарландыру

Тұрғын үй-коммуналдық инфрақұрылымды дамытудың 2026 жылға дейінгі тұжырымдамасы шеңберінде тікелей сату арқылы тұрғын үйді сату туралы хабарландыру

27 маусым 2023

Құрметті салымшылар!

"Отбасы банк" АҚ (бұдан әрі – Банк) Тұрғын үй-коммуналдық инфрақұрылымды дамытудың 2026 жылға дейінгі тұжырымдамасы шеңберінде тікелей сату жолымен тұрғын үйді сату туралы хабарлайды.

Нысан: " Қостанай қаласы, Қонай тұрғынжай алқабы, 85 квартал, 3 үй ", орналасқан мекенжайы: Қостанай қаласы, Қонай тұрғынжай алқабы, 85 квартал, 3 үй

Нысанды пайдалануға беру күні: 05.03.2022 жыл.

"Таза" әрлеуде.1 шаршы метр тұрғын үйдің құны: 140 000 теңге,

Тұрғын үй бірліктерінің саны: 12,

Тұрғын үй түрі 1: 12 пәтер, максималды ауданы 41,7 ш. м.

Брондау: 2023 жылғы "29" маусымнаң сағат 10.00-ден бастап 2023 жылғы "03" шілденің сағат 23.00-ге дейін.

Іріктеу кезеңі: брондау кезеңі аяқталған күннен бастап 5 (бес) жұмыс күні.

Өтініштер тек ЖАО кезекте тұрған Банк салымшыларынан, негізгі тізімнен «Бақытты отбасы» бағыты бойынша, келесі санаттар бойынша қабылданады:

  1. мүмкіндігі шектеулі балалары бар немесе оларды тәрбиелеп отырған отбасылар

  2. көп балалы отбасылар

  3. толық емес отбасылар

Қатысушыларды іріктеу есепке қою күні бойынша жүзеге асырылады. Есепке қою күні сәйкес келген кезде -қатысуға өтініш беру күні мен уақыты бойынша.

Өтініш беру Otbasybank.kz жылжымайтын мүлік порталында жүзеге асырылады

Өтініштер ЖАО-да кезекте тұрған Банк салымшыларынан ғана қабылданады.

Қарыз беру өтініш берушінің жинақ шотында қарыз сомасының кемінде 10% мөлшерінде тұрғын үй құрылыс жинақтары болған кезде мүмкін болады.

Берілген өтініштерді пулға/тікелей сатуға бөлу шарттарымен, өтініш берушілерге қойылатын талаптармен, құрылыс нысанының сипаттамасымен, оның ішінде ғимараттың қасбеттерінің фотосуреттерін және тұрғын үйдің орналасуын Otbasybank.kz жылжымайтын мүлік порталынан көруге болады.

Бұл туралы бөлісіңіз:

Дауыстық көмекші

сайтта дауыстық көмекшісі бар
мәтінді таңдап дыбыс деңгейі түймесін басу керек

ХОТИТЕ УЗНАВАТЬ О НАШИХ АКЦИЯХ ПЕРВЫМИ?!

Қоңырауға тапсырыс беру